Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру — қашан да өзекті

Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру — қашан да өзекті
Президент жаңа жылдағы алғаш сұхбатын ұлт басылымы «Ана тілі» газетіне берді. Кезінде «Қазақ тілі» қоғамының бастамасымен құрылған бұл газеттің орны біз үшін ерекше. Бұл да Мемлекет басшысының ана тілімізге деген құрметі, тіл жанашырларына деген ілтипаты.
Сұхбаттан ішкі және сыртқы саясат, экономика, әлеумет, қоғамның дамуы, мемлекет пен заңның нығаюы, әділдіктің орнығуы сияқты мәселелерге қатысты анық ой, айқын ұстаным аңғардық. Көңілді күпті еткен кейбір маңызды сұрақтарға да жауап алдық.
«Ана тіліне» берілген сұхбатта қазақ тілінің жайы, соның ішінде біздің бастамамызбен құрылған «Қазақ тілі» эндаумент қоры туралы бөлек айтылды. Бұл қор қазақ тілін қолдау, оның қолданыс аясын кеңейту, тілді оқыту әдістемесін дамыту, қазақ тіліндегі мазмұнды көбейту үшін жұмыс істейді.
Қор құрылғанда оған бірінші болып үлес қосқан Қасым-Жомарт Кемелұлы болатын. Президент жеке қаражатынан 7 миллион теңге бөліп, көпке үлгі көрсетті. Мемлекет басшысының осы қадамына ерген еліміздің кәсіпкерлері қорға 500 миллионға тарта қаражат салды. Қазір қорда жиналған қаражаттың нақты көлемі – 493 669 299 теңге.
Эндаумент қорына келген қаражаттың өзі жұмсалмайды, тек сол қаражатты басқарудан түскен үстеме табыс қана жұмсалады. 2024 жылы «Қазақ тілі» эндаумент қорының үстеме табысы 75 473 020 теңгені құрады.
Бұл «Қазақ тілі» қоғамының жұмысын жандандыруға мүмкіндік берді. Бір жылдың ішінде 40-қа тарта аймақтық, республикалық және халықаралық шара өткіздік. Олар жайлы толық ақпарат «Қазақ тілі» қоғамының til.kz деп аталатын сайтынан табылады.
Сұхбатында Президент «Қазақ тілі» эндаумент қорын қолдау қажеттігін бөлек айтты. Біз үшін бұл – зор демеу, қазақ тілін кеңінен қолдауға жол ашатын үлкен мүмкіндік және әрине, аса зор жауапкершілік жүктейтін сенім.
Осындай қолдауы мен сенімі үшін Мемлекет басшысына алғыс айтамыз!
Ана тілімізді тиісті биік тұғырына шығару жолындағы жұмысымызды үдетеміз!
Rauan Kenzhekhan
03.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 1110
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 1402
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 1411
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 1401
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 1412
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 1193

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 12329
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 11242
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 14475
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 13428
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 18446