Мерейлі меркі

Мерейлі меркі

Жамбыл облысы, Меркі ауданы аумағымен өтіп жатқан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің бойындағы 141-шекара белгісі тұсында «Аспара-Антитеррор –2021» атты аудандық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтті.

Аталған оқу-жаттығудың бағдарламасына сәйкес, алдымен АПБ-нің кезекшілік бөліміне көршілес мемлекет арқылы еліміздің аумағына заңсыз өткен шекара бұзушылар туралы шартты түрдегі хабарлама түсті.

Оны қабылдаған АПБ-нің сол күнгі кезекші аға инспекторы, полиция майоры Ж.Майнауысов дабыл көтеріп, тиісті орган басшыларына жедел хабарлама таратқан соң, олар өз кезегінде жоғарыда аталған шекара белгісі аймағына шұғыл аттанып кетті. Олардың қатарында күштік құрылымдар  – аудандық ҰҚК және Шекара басқармасы, аудандық полиция бөлімі, ТЖБ-ның өрт сөндіру қызметі, сонымен қатар аудан басшылары, аудандық жедел штабтың мүшелері, ауылдық округтердің әкімдері, аудандық орталық аурухана мен санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы және т.б. тиісті ұжым мен мекемелердің қызметкерлері болды.

Көрші елдердегі келеңсіз жағдайлар мен жалпы әлемдегі геосаяси ахуалдың ушығуы кезеңінде, кең ауқымда өткізіліп отырған оқу-жаттығу іс-шарасының маңыздылығы сол, оған облыс әкімінің орынбасары Рүстем Рысбайұлы Дәулет, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұмбаев Ермек Жамбылұлы және аудан әкімі Нұрсипатов Руслан Маратұлы қатысты.

Жедел-тактикалық оқу-жаттығудың алдында аудан әкімі Руслан Нұрсипатов облыстық басшыларға сол маңдағы арнайы посттардың өзіндік қызметі турасында ақпар беріп, сонымен қатар тігілген шатырлы лагерьге орналасқан босқындарды қабылдау пункті, ондағы фильтр (сүзгі) мен емдеу бөлімдері, уақытша эвакуациялау және негізгі командалық штабтың жұмысымен таныстырып өтті.

«Аспара-Антитеррор-2021» оқу-жаттығуы 3 кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде радикалды қозғалыс өкілдерінен тұратын 2 шекара бұзушы содырдың еліміздің аумағына өткені анықталып,  шекарашылардың жедел дабыл тобы кинолог қызметінің арнайы үйретілген иттерінің көмегімен оларды құрықтауға кірісті. Алайда олардың бірі дер кезінде ұсталғанымен, екіншісі жолай кездескен көлікті басып алу әрекетін жүзеге асырып, белгісіз бағытқа кетіп, бой тасалап үлгереді. Сондықтан тиісті қызмет өкілдері жақын маңдағы елді мекендер мен оның айналасын сүзгіден өткізуге кіріседі. Сонымен қатар көршілес аудандарға жедел хабарлама беріліп, террористік әрекеттердің алдын алу мақсатында ондағы күштік құрылым өкілдерін бірлесе әрекет етуге шақырады.

Оқу-жаттығудың 2-кезеңі бойынша шартты түрде көршілес елден бізге шекара арқылы өткен барлығы 14 босқынды оқшаулау, олардың жеке басы мен діни ағымдарға қатыстылығын анықтау және денсаулық жағдайын тексеру міндеттері қарастырылған заң тәртібі бойынша талапқа сай орындалды. Мысалы дене қызуы бар 2 босқын «лас» аймаққа жеткізілсе, қалғандары фильтрациядан өткен соң, уақытша лагерьдегі жатын бөлмелерге орналастырылды. Соңғы 3-кезеңде жоғарыда аталған, бой жасырмақ ниеттегі 2-ші қылмыскерді күштік құрылым қызметкерлерінің сәтті құрықтау көрінісіне куә болдық.

Бүгінгі азаматтық және күштік құрылым саласы өкілдерінің бірлесе әрекет етулері арқасындағы басты мақсат – кез келген төтенше жағдай орын алса, оны дер кезінде осылайша жұмыла ауыздықтау керектігі пысықталған оқу-жаттығудың соңында облыс әкімінің орынбасары Рүстем Дәулетке сөз кезегі берілді.

Шекаралық аймақта орналасқан Меркі жеріндегі оқу-жаттығуға көңілі толатынын айтқан Рүстем Рысбайұлы аймақ басшысы Б.Сапарбаевтың тапсырмасына сай өткізілген іс-шара өз деңгейінде өткеніне тоқталып, дегенмен жетілдіре түсетін жерлер бойынша жұмыс атқаруды ұсынды.

Келесі сөз алған аудан әкімі Руслан Маратұлы мұндай шым-шытырық сәттер шынайы өмірде емес, тек оқу-жаттығуларда орын алуын тілей келе, бүгінгі іс-шараны ұйымдастыруда белсенділік танытқан ҰҚК Шекара қызметі, ҰҚК аудандық басқармасы, ТЖ, АПБ, аудандық орталық аурухана басшылары мен бірқатар жеке тұлғаларға ризашылығын білдіріп, оларға Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын тапсырды. Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Д.Кударова аудан әкімі Р.Нұрсипатовтың Құрмет грамотасына ие болды.

Әлихан НҰРАЛИЕВ
25.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 91
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 101
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 196
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 196
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 333
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 336
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 562
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 510

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9211
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8608
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11834
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9604
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10817