«Мерейлі отбасы - 2023» ұлттық конкурсының марапаттау рәсімі

 «Мерейлі отбасы - 2023» ұлттық конкурсының марапаттау рәсімі
Ауданымыздың Мәдениет үйінің кіші залында «Мерейлі отбасы - 2023» ұлттық конкурсының марапаттау рәсімі өткізілді.
🔹Марапаттау рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Анар Садыққызы Ахметова, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жуалы аудандық филиалының төрағасы Сейтхан Шерелханұлы Жұмашев, Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Нурила Эдиханқызы Малибекова қатысты.
🔹2013 жылы Елбасының бастамасымен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы жарияланған болатын. Өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін жоғарылатуға бағытталған, сондай-ақ, ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, отбасыларды, еңбекке қабілетсіз ата-аналарына кәмелетке толған балаларының күтім жасауын паш ету және кеңінен насихаттау, яғни, бір сөзбен айтқанда отбасылық және рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау мақсатындағы ұлттық байқау содан бері жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Биыл оныншы рет өткізілген байқаудың қатысушы отбасыларының әрқайсысы да жеңімпаз деп танылып, номинациялармен марапатталды.
🔹«Өнегелі отбасы» номинациясымен Сұрымбаевтар жанұясы марапатталды. Бұл отбасы – әке жолын жалғастырушы шаруа отбасы. Әке жолын қуып трактор жөндеумен айналысады. Өз техникасын ғана емес, ауылдың барлық шаруа адамдарының техникасын жөндеп, алғыстарына бөленген. Сонымен қатар, аз қамтылған және тұрмысы төмен отбасыларға материалдық, азық-түлік түріндегі көмектер көрсетуде.
🔹«Парасатты отбасы» номинациясымен Әлмембетовтер отбасы марапатталды. Бұл отбасы – ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрлерді бойына сіңірген. Ауыл тұрғындары арасында беделді, абыройлы, еңбекқор отбасы. Отанасы Әсия Жарылқасынқызын көше тұрғындары «әрі сот, әрі адвокат» деп атайды. Себебі, көше тұрғындарының отбасында дау-жанжал туындаса, ақыл-кеңесін айтып, татуластырып жүреді.
🔹«Шуақты отбасы» номинациясын Керембаевтар жанұясы иеленді. Көпбалалы отбасы ұлттық салт-дәстүрді ұстанады. 2 ұл, 7 қызды дүниеге әкеліп, жақсы тәлім-тәрбие үйретіп, білім көкжиектерін кеңейтіп, дарынды ұл-қыздарды тәрбиелеп отырған отбасы. Ұл-қыздарын ұлттық құндылықтарға баулып өсірген.
🔹«Үлгілі отбасы» номинациясын Үсіпалиевтер отбасы иеленді. Отағасы мен отанасы өз балаларымен қатар дүниеден өткен аға-жеңгесінің 4 баласын бауырына басқан отбасы.
🔹«Қайырымды отбасы» номинациясымен Кенжебековтер отбасы марапатталды. «Асарлатып үй салу» жобасы аясында Қошқарата ауылының тұрғынына үй алып берген. Сонымен қатар, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларына қайырымдылық көрсетеді.
🔹Марапатталған отбасыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Мерейі тасып, қуанышы артқан отбасыларға өнерпаздар әннен шашу шашты.
Жуалы ауданы әкімдігі
12.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 147
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 48
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 142
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 147
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 334
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 327
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 950

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9025
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8421
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11649
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9405
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10631