«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ИЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ИЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін Шу ауданында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының өңірлік іріктеудің жеңімпаздары марапатталды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін ұлттық конкурстың аудан бойынша биылғы жеңімпаздары Балуан Шолақ ауылында тұратын Мадалиевтер мен Қонаев ауылындағы Оспановтар отбасы болды. Үлгілі қос әулетті жерлестеріміз жақсы таниды. Себебі олар ауылға абыройлы, ағайынға үлгі болып, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеп, өңірдің дамуына үлес қосып жүрген жандар.
Осыған орай аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Жақсыбаев аталған жанұяларды қабылдап, жеңістерімен құттықтады. Сондай-ақ өз тарапынан толайым табыстар тілеп, облыстық сыннан сүрінбей өтулеріне тілектестік білдірді. Сонымен қатар Мадалиевтер әулетінің кейуанасы Шымшық Уәлиқызы мен Оспановтар отбасының қариясы Жұмахан Зәукетайұлына естелік сыйлықтарды табыс етті.
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш байқау адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. Үздік атанған жерлестерімізді жеңістеріңізбен құттықтаймыз!
Шу ауданы әкімдігі
06.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5092
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5256
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20216
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18860
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22317