«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

«Қазақстан» орталық концерт залында «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Жыл сайын өткізу игі дәстүрге айналған үлгілі отбасылар байқауы – елімізде жанұя құндылықтарының рөлін арттырып, отбасы мен некенің оң имиджін дәріптейтін ауқымды да маңызды оқиғалардың бірі. 2014 жылдан бері байқауға 20 мыңнан астам отбасы қатысқан. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева салтанатты шараның ашылу барысында байқау жеңімпаздарына Мемлекет басшысының құттықтауын оқып берді.

«Жыл сайын өткізілетін байқау шаңырағы шаттыққа бөленіп, берекелі бірлік пен татулыққа ұйыған өнегелі отбасыларды күллі елге танытты. Мұндай үлгілі әулеттер елімізде өте көп. Халқымыз қай заманда да отбасы дәстүрлерін берік ұстанып, қадірлей білген. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету – біздің қанымызға сіңген қасиет.

Әрбір азаматтың адамгершілік болмысының қалыптасуына отбасындағы ахуал айрықша ықпал етеді. Әке-шешесінің, ата-әженің тәрбиесін көріп, үлкендерден тағылым алып өскен бала есейгенде отаншыл, білімпаз, еңбекқор азаматқа айналады», – делінген құттықтауда.

Биыл байқауға 2542 отбасы қатысты. Олардың жартысынан астамы (63,4%) ауыл тұрғындары. Сондай-ақ, 1166 табысты көпбалалы және ерлі-зайыптының екеуі де 29 жасқа толмаған 501 жас отбасы қатысты. Түрлі кәсіп пен еңбек әулеттерінің, спорт және шығармашылық жанұя өкілдерінен құралған 20 отбасы өңір жеңімпаздары атанды. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы үлкенге құрмет, кішіге ізет рухани-адамгершілік қағидасына негізделген және оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуді көздейтін отбасы құндылығын дәріптеп келеді.

Барлық отбасының әрбір мүшесі – ауылдастарының, қала тұрғындарының, әріптестерінің, көрші-қолаңның құрметіне бөленген, Отанына адал қызмет етіп жүрген еңбек адамы, ауылдың, қаланың қарапайым еңбеккерлері.

Марапаттау рәсіміне мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшелері қатысты.

Лауреат отбасылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Марапаттау рәсімі қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен мерекелік концертпен жалғасты. 

Ермек САХАРИЕВ
29.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 127
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 124
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 127
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 319
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 312
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 935

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9008
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8403
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11629
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9386
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10613