Хадис шәріпте айтылған Пайғамбарымыздың сүйікті жануары мысық болғаны баршамызға аян. Себебі, жыртқыш жануарлардың ішінде тек мысықтың ғана мешітке кіруіне рұқсат берілген. Мысық лас жануар емес. Ол сендерді үнемі айналып жүретін жануар. \Әбу Дәут,Термези\
Пайғамбарымыздың мысығының аты Муизза болған
Бір күні Аннас ибн Мәлік бірде Алланың елшісімен бірге Бухтани жеріне жолға шықтым. Пайғамбарымыз маған дәрет алатын су дайындауды тапсырды. Алайда ол келгенде дәрет суы құйылған ыдыстан бір мысық су ішіп жатты. Ардақты елші болса мысықтың шөлі қанғанша күтіп тұрды. Сонда мен суды жаңартайын дегенімде, Пайғамбарымыз: «Ей, Аннас, мысық деген таза жануар және ешқашан ештеңені кір қылмайды», – деп жауап берді.
Хадистерден.
Мысықты өлтіргендер мешіт салып тәубесіне келсін делінген.
НҰҺ\а.с\ ПАЙҒАМБАРДЫҢ ОҚИҒАСЫ
Нұһ пайғамбар жан-жануарларымен алты ай бойы су бетінде жүргенде бір уақыт кемесін тышқандар кеміріп тесе бастайды. Сол кезде Нұһ пайғамбар не істерін білмей бір Аллаға жалбарынып дұға-мүнәжат жасайды. Жаратушы ие оның ықыласын қабыл етіп, бір аян береді. Кемедегі арыстанның маңдайын сипап дұға қылуды бұйырады. Біршама уақыттан кейін арыстан түшкіріп аузы-мұрнынан мырғаулар түсіп, кемедегі егеуқұйрық-тышқандарды ұстап, кеменің аман-есен қалуына себеп ықпалын тигізеді. \Қиссасуль-Әл Әнбия\
Аят
Олар\иман келтірмегендер\ мүлде үріккен құлан сияқты, арыстаннан қашқан. \50-51. Муддәссир сүресі\.
Алла Тағала құранда арыстанды байсалды шыншыл, әділ және инабатты етіп сипаттайды.
Тарих
Абу Хурайра\599-676\
Атақты сахаба Пайғамбарымыздың өте жақын досы және замандасы толық аты Абдуррахман ибн Сахр Әддауси туған жері Йемен Тихама, Худейда жерде дүниеге келген. Исламға дейінгі есімі – Әбду-Шамс Жерленген жері Әл-Бақиде. Бір деректер бойынша отызға жақын мысықтары болған деседі. Мысықтарға қамқорлығы және махаббаты соншалық болған оны көрген Пайғамбарымыз мысықтардың атасы деп лақап ат қойған.
Хадистерден.
Мысықтарға қамқорлықпен қараңдар!
Мысықтарды қорлаған, ренжіткен адамдардың ахуалы қияметте өте ауыр болады делінген.
Оқиға
Бір заманда бір әйел мысығын шөлдетіп өлтіргені үшін мәңгілік тозаққа душар болған.
Оқиға
Бір уақыт Пайғамбарымыз намазға барғалы жатқанда шапанының үстіне мысығы ұйықтап жатқанын көріп, оны оятпай шапанын кесіп алған делінген.
ҚОРШАУДАҒЫ ЛЕНИНГРАД
1941 жылы екінші дүниежүзілік соғысы басталуымен Ленинград қаласы жаудың қоршауында үш жыл шамасында қалады. Ленинград қаласы жаудан азат етілгеннен кейін, қала тұрғындары өз қалпына келе бастады. Сол сәтте қалада бір мысық не ит не көгершін, торғай, қарға қалмапты. Аштықтан халық еш нәрсе қалдырмастан бәрін түгелдей ұстап жеп бітірген. Осыдан кейін қаланы екінші жау басты – егеуқұйрықтар\крыса\. Олардың көп болғаны сонша – тіпті адам мәйітіне шабуыл жасап, жерленіп үлгермегендерінің мәйітін талан-таражға салады. Бұл ахуалды үкімет қолға алады. Нарком басшысының тапсырмасымен Сібір қалаларынан бір эшелон, яғни үш мыңнан астам мысықтарды әкеледі. Сонша мысықтарды көрген халық пушистая дивизия деп ат қояды.
Йод қышқылы қалай пайда болған?
Француз ғалымы атақты химик Бернар Куртуа \1777-1838\ж. Өзінің зертханасында жұмыс істеп отырғанда үстіне мысық секіріп, үстел үстіндегі ертінділерді төгіп жібереді. Сол сәтте қышқылдар араласу барысында йод қышқылы пайда болады. Кейін ғалымның мысықтан\тырнаған\ алған жарақатына йод шашырап, жазылып кетуіне зор ықпалын тигізеді. Осылайша йодтың пайда болуына мысық себепші болды. \Химия туралы оқулық 1955\ж.
ШЫҢҒЫС ХАН
Барыс жылы Шыңғыс хан ақ киізбен көтеріліп дала ханы болып сайланды. Жалпы көшпелі халық сақ дәуірінен-ақ барысты киелі жануар деп есептеген. Барыс жылы ерекше құтты жыл делінген.
ШОТА РУСТАВЕЛИ
Шота өз поэмасында: «Барыс терісін жамылып жауға шабыңдар, себебі барыста батылдық үрей бар», – деген.
Адамзаттың жануарларға деген сүйіспеншілігі – Алла Тағаланың берген ең үлкен сыйы. Расында мейірімді болу – ата-анадан келген тәрбие. Жастарымызға айтарым – жан-жануарларға қамқор жасап, айналамыздағы табиғат негізін таза ұстасақ, болашағымызға үлкен мұра болар деген үміттемін.
Мысықтар туралы не білеміз?
Мысықтың ғылыми атауы Folis Catus \Лат\ шамасы 4000-6000 жыл бұрын қолға үйретілген болатын. Мысықтың орташа салмағы 4-5 келі, ал жылдамдығы 48 км\с жүгіреді. Тәулігіне 12-16 сағат ұйықтайды, жүктілігі – 65 күн. Мысық үй жануарына жатқан мен мысық тектес жануарлардың жабайы тектес тұқымдастары да аз емес.
Асылтұқымды мысықтардың атаулары
1. Шотландық салпан құлақ мысығы
2. Корнис-рекс
3. Тай мысығы
4. Эндемюк
5. Каракет \Қысқа аяқты мысық\
6. Сиям мысығы
7. Парсы мысығы
8. Мысыр мысығы
9. Америкалық бобтейл
10. Исумбоси
11. Менская
12. Кимрик
13. Серенги
14. Сафари
15. Еуропалық-бурма
16. Калифорниялық мысығы
17. Америкалық тік жүнді мысығы
18. Ликоси-Австралиялық мысығы
19. Кохона
20. Гаванна
21. Тойер
22. Чаузи
23. Ли-хуа
24. Бурмалық мысығы
25. Мадока
26. Бурмилла
27. Йо-ши-мото
28. Бейжың мысығы
29. Мармар мысығы
30. Алтын-сарғыш мысығы
31. Мадагаскарлық мысығы
32. Невская мысығы
33. Мәскеулік – маскарад
34. Сібірлік – Невский
35. Тай – маскарад
36. Бомбей мысығы
37. Тикси-боб
38. Силкирик
39. Мэнкс
40. Ли ко
41. Үнді – Калифорния мысығы
42. Жапондық Бобтейл
43. Британдық қысқа жүнді мысық
44. Сококе
45. Као-мани
46. Абиссиндық мысық
47. Австралиялық мист-корат
48. Баленазиялық мысығы
49. Азиялық табби
50. Канани
51. Карелия мысығы
52. Картезиян мысығы
53. Кин Калоу-корат
54. Америкалық керл
55. Бомбино
56. Канадалық скфинкс
57. Курил бобкил
58. Рэгдолл
59. Түрік ангора мысығы
60. Құйрықсыз мысық
61. Түрік ван мысығы
62. Тан мысығы
63. Нибилунг
64. Мончкин
64. Сноу-шоу
65. Двэльф мысығы
66. Орыс көгілдір мысығы
67. Курбоб
68. Сингапур мысығы
69. Соломилық мысығы
70. Ла перл
71. Селкирк – рекс мысығы
72. Британдық ұзын жүнді мысығы
73. Қысқақұйрықты мысық
74. Бенгалдық көмір мысығы
75. Дондық скфинкс мысығы
76. Лин мысығы
77. Шотландық тік құлақ мысығы
78. Шотландық тік жүнді мысық
79. Оцикет
80. Парсы шишилла
81. Мысырлық-мау
82. Гаванна браун
83. Шантиль тиффани
84. Булли
85. Экзот Бомбей
86. Ориентал
87. Шертрез бурмилла
88. Апвелинг
89. Корниш-рекс
90. Девон рекс
91. Петер болд
92. Трансильвандық мысығы
93. Регдаун
94. Минуэт
95. Жапондық бобтейл
96. Экзотикалық аласа жүнді мысық
97. Эльф ликой мысығы
98. Манчкен қысқа аяқты
99. Мекендық боб
100. Пикси
101. Орал рекс мысығы\Уральский рекс\
102. Кәдімгі үй мысығы
103. Қолға үйретілген Ангора мысығы
104. Серенгети
105. Петербурдық скфинкс
106. Сібір асыл тұқым мысығы
107. Меконгдық бобтейл
108. Британдық Шиншил
109. Саванна
110. Корат
111. Колор-пойнт
112. Эльф мысығы
113. Хауси мысығы
114. Булликет
115. Сингапура
116. Напалеон
117. Кинкалоу
Жабайы мысықтардың атаулары
1. Ауропалық ну-орман мысығы
2. Құмырсқалық мысық \Муравиная\
3. Калимантан мысығы
4. Қар мысығы
5. Пампас мысығы
6. Чили мысығы
7. Анд мысығы
8. Ириомотей мысығы
9. Суматра мысығы
10. Қара дақты сұр мысық \Ржавая серая кошка\
11. Хинди \Үнді\ мысығы
12. Норвегиялық мысығы
13. Гималай мысығы
14. Усурисск мысығы
15. Амур мысығы
16. Австралиялық мысығы
17. Жоффруа
18. Балық аулайтын мысық \Су жәндіктерін және балықтарды ұстауға бейімделген мысық\
19. Ұзын құйрықты орман мысығы
20. Кәдімгі жабайы мысық
21. Азиалық дала мысығы
22. Шөл-сахра мысығы \Жылан, шаян, кесіртке, бұзаубас, бүйе, қара құрт\ жейтін мысық
23. Леопард мысығы
24. Қамыс мысығы
25. Сібір мысығы
26. Қара аяқты \қара табанды\ мысық
27. Кауказ тау мысығы
28. Оңтүстік Америка жабайы мысығы
29. Онцилла
30. Қиыр шығыс жабайы мысығы
31. Таяу шығыс жабайы мысығы
32. Карелия жабайы мысығы
33. Бенгалдық жабайы мысығы
СІЛЕУСІНДЕР АТАУЛАРЫ
1. Канада сілеусіні
2. Сарғыш сілеусін
3. Пиреней сілеусіні
4. Қиыр шығыс сілеусіні
5. Сібір сілеусіні
6. Иберия сілеусіні
7. Кәдімгі сілеусін
8. Түркістан сілеусіні
МЫСЫҚ ТЕКТЕС ЖАНУАРЛАР АТАУЛАРЫ
1. Арыстан
2. Жолбарыс
3. Леопард
4. Ягуар
5. Гепард
6. Бенгалдық жолбарыс
7. Туран жолбарысы
8. Амур жолбарысы
9. Қаракал
10. Ұзын құйрықты леопард
11. Ацелот
12. Пума
13. Фуссо
14. Сицилла
15. Ашера
16. Морагай
17. Сервал
18. Ягуарунди
19. Калимантандық леопард
20. Генет
21. Қауқаз леопарды
22. Манул
23. Көгілдір леопард
24. Теминка
25. Бруней леопарды
26. Ирбис барс
27. Үнді жолбарысы
28. Ява жолбарысы
29. Пикабу
30. Бинтуронг
Айлурофобия – Мысықтан қорқу немесе мысық тектес жануарлардан пайда болған үрей қорқынышты атайды. Бала кезінде мысық тектес жануарлардан жарақат алған болса, адамның психикалық жадында әсер қалуы әбден мүмкін.
Фелинология – Арнайы мысық немесе мысық тектес жануарларды зерттейтін ғылымды осылай атайды. Мысық тұқымдастығы және генетикалық талдаулар арқылы жануардың вирустарын анықтайды.
ЖАСАНДЫ МЫСЫҚ ТЕКТЕС ЖАНУАРЛАР
1. Лигр-гибрид
Аталығы арыстан аналығы жолбарыстан будандастыру арқылы пайда болған жануар. Салмағы 400 келіден 800 келіге дейін болады. Арнайы тек эксперименттік бақылауда өмір сүреді жабайы табиғатқа бейімделмеген.
2. Леопон-гибрид
Аталығы леопард аналығы арыстаннан будандастыру арқылы пайда болған жануарды атайды.
3. Лилигр-гибрид
Аталығы арыстан аналығы лигрден будандастыру арқылы пайда болған жануар.
4. Тигон – Аталығы жолбарыс, аналығы арыстаннан будандастыру арқылы пайда болған түлік.
5. Яглев-Ягуар мен арыстаннан будандастырылу арқылы пайда болған жануар.
6. Пумапард-Пума мен леопардты будандастырылу арқылы пайда болған жануар.
ТАБИҒАТТА СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН МЫСЫҚ ТЕКТЕС ЖАНУАРЛАР
Арыстан \Альбинос\ аппақ түсті
Жолбарыс \Альбинос\ аппақ түсті
Пантера \Альбинос\ аппақ түсті
Үй мысықтары көздері түрлі түсті, мысалы бір көзі көгілдір, екіншісі қоңыр сияқтылары да кездеседі.
Сервал \Альбинос\ аппақ түсті
Сервал \Миланистік\ қап-қара түсті
Қаракал \Миланистік\ қап-қара түсті
Қамыс мысығы \Миланистік\ қап-қара түсті
ОЛАРДЫҢ АТА ТЕГІ
1. Өткен ғасырда Сібірде мұз астында табылған \ Саблезуб\ Ғылыми аталуы – СМИЛОДОН. Шамасы 50 млн жыл бұрын өмір сүрген. Қазақшаға қанжар тісті жануар деп аудардық.
2. Мысыр мемлекетінде табылған мысық тектес жануар. 30 млн жыл бұрын Африкада өмір сүрген леопардқа ұқсас болып келеді. Ғылыми атауы – БАСТЕТЕДОН.
3. НИМРАВИД. Оңтүстік Америка 30 млн жыл бұрын
4. ОКСИЕН Солтүстік Америка шамамен 25-30 млн жыл бұрын.
5. МАО ФЕЛИС Оңтүстік Қытай 23 млн жыл бұрын.
6. ГОПЛОФОНЕУС 30 млн жыл бұрын.
7. НАНОСМИЛУС 25-30 млн жыл бұрын.
8. ПОГОНОДОН 30 млн жыл бұрын.
9. Тасманиялық тигр 1948 жылы соңғы мысық тектес қалталы жануар адамдардың кесірінен жоғалып кеткен. \Жаңа Зеландия\.
10. Балқаш арыстаны 1938 жылы соңғы арыстан адам кесірінен жоғалып кеткен. \Қазақстан Іле-Алатау жағалауында өмір сүрген\.
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ МЫСЫҚ ТЕКТЕС ЖАНУАРЛАР
1. Тұран жолбарысы \Іле Алатау-Балқаш өңірі \Ресейден\Уссуриск\ әкелініп қайта орналастырылды. \Мемлекет бақылауында\
2. Барыс, ирбис \Алатау таулары және Шығыс Қазақстан\
3. Қауқаз леопарды \Алатау таулары\
4. Орман сілеусіні \Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан\
5. Түркістан сілеусіні \Алматы облысы, Жамбыл облысы\
6. Қамыс мысығы \Шығыс Қазақстан, Солтүстік-батыс Қазақстан\
7. Қаракал \Маңғыстау\ бұтақты мысық
8. Манул\Қарағанды облысы, Шығыс Қазақстан облысы\
9. Амур мысығы\Алматы облысы\
10. Жабайы дала мысығы \Қостанай облысы, Орталық Қазақстан\
МЫСЫҚТЫҢ ДАУЫСЫ
Мысықтың мырылдауы радио толқыны мен есептегенде 20-дан 140 Герцке дейін барады.
ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҚЫМБАТ ТҮРІ
Аналитиктердің байқауы бойынша әлемдегі ең қымбат мысық Саванна асыл тұқым мысығы бағасы 20.000 доллардан басталады.
ХАЛЫҚ СӨЗІ
Үй мысықтары үй қожайындарының денесінің ауырғанын сезеді және сол ауырған жеріне басын тақайды немесе үстіне жатып алады. Осылайша олар дертке емін білдіреді.
АПАТТАН ҚҰТҚАРУШЫ
Бір заманда мысық үй иелері ұйықтап жатқанда улы көмірқышқыл газы таралып жатқанда мысық мяулап адамдарды оятып, есікке қарай жүгірген. Осылайша бір отбасы өлімнен аман қалған.
СЕЗІМТАЛДЫҒЫ
Мысық мұрты бірнеше дыбыс толқынын қабылдайды және сол толқын арқылы тышқан немесе т.б. жәндіктердің ара қашықтығын есептей отырып ұстауға тағаттанады.
ОЛАРҒА ҚАТЫСТЫ КӨНЕ ДЕРЕКТЕР
Мысыр елінде пирамидаларда табылған мысықтың мәйіті әлі күнге дейін адамды таңғалдырады. Тарихи деректер бойынша мысық ежелгі Мысыр халқы үшін киелі болып саналған. Патшалардың мысықтарын ақ матаға орап қорапқа салып, қожайынының қасына жерлейтін болған. Қытай және үнді елдерінде де мысықтарға ерекше ілтипатпен қараған. Мысықтардың басқа әлеммен байланысы бар деген ұғымда болған.
Азат ФАЗЕЛЬЖАНОВ,
дінтанушы, тарихшы, филолог,
Алматы қаласы