Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ел тұрғындарын интернетті үнемдеуге шақырды. Яғни үйде вай-файға қосылып, мобильді интернеттің трафигін босқа шашпауға кеңес берді. Айтуынша, қазір елде жан басына шаққанда біз 15 гигабайт қолданамыз. Ал дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш 9 гигабайттан аспайды. Мобильді интернет сапасы ел тұрғындарын бұрыннан толғандырып жүргені жасырын емес. Өзге өңірлер түгілі, еліміздің бас қаласында да интернет бірде бар, бірде жоқ.
«Бірқатар факторларға, соның ішінде экономикалық жағдайға байланысты біз тарифтік жоспарлардың бағасына кішігірім өзгеріс енгізу туралы шешім қабылдауға мәжбүрміз. Бұл сіздің қаражатыңызға әсер етуі мүмкін екенін түсінеміз, сондықтан біз қосымша ресурстар мен қызметтер түрінде өтемақы ұсынамыз. Бұл өзгерістер инфрақұрылымға негізделген шығындардың өсуімен, жаңа технологиялардың іске қосылуымен және дамуымен, әлемдік логистикалық тізбектердің құлдырауы, инфляция, электр энергиясының қымбаттауы, жаңа технологияны енгізу үшін жоғары жиілік құны және компаниямыз үшін сын-қатерлер тудырған басқа да жағдайлармен байланысты. Сондықтан біз қызметтердің тұрақтылығын қамтамасыз ету және сізге одан да озық технологиялар мен қызметтерді ұсыну үшін тарифтеріміздің бағаларын қайта қарауды шештік», – деді министр.