Министрлік БАҚ өкілдерін қолдамақ

Министрлік БАҚ өкілдерін қолдамақ

    ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігнің баспасөз қызметіі: «Бүгінгі таңда ҚР аумағында БАҚ өкілдері үшін тиісті айырым белгілері бекітілген. Кеудеше, жеңдегі таңғыш, жапсырма журналистің айырым белгілерінің нысандары болып табылады. Көрсетілген айырым белгілерін тағып жүру кезінде олардың анық көрінуін қамтамасыз ету қажет. Министрлік БАҚ өкілдерін ұстап алудың әрбір жағдайын мұқият тексереді. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарымен бірлесіп, ұстап алудың барлық фактілері бойынша тексеру жүргізіліп, зерделенуде. Ұстап алу фактілерін анықтаудағы негізгі проблемалар – журналистерде айырым белгілерінің болмауы, бұл оларға қатысты кәсіби қызметтерін жүзеге асыруға рұқсат беруде проблема тудырды. Ондай жағдайда бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі) қызметінің қағидалары қолданылады. Ал, БАҚ-тың жекелеген өкілдері Қазақстан Республикасында «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңнаманы бұзу фактілері бойынша, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті бұзуға итермелейтін әрекеттері және тікелей өздерінің кәсіби қызметтерін жүзеге асырмағаны үшін ұсталды», — деп хабарлайды. Министрлік төтенше жағдай режимінің талаптарына түсіністікпен қарауға және қатаң сақтауға, сондай-ақ бұқаралық іс-шараларды жария ету кезінде журналистердің айырым белгілеріне ие болуға шақырады.

Ермек САХАРИЕВ
14.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5614
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5761
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20729
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19358
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22824