Мойынқұм ауданында 6 ірі инвестициялық жоба жүзеге асады

Мойынқұм ауданында 6 ірі инвестициялық жоба жүзеге асады

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Мойынқұм ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар ірі кәсіпорындарды аралап, жұмысымен танысты. Алдымен «Жамбыл цемент» өндірістік компаниясы ЖШС-не барған аймақ басшысына кәсіпорынның қызметі туралы баяндалды. 2010 жылы іске қосылған зауыттың жылдық қуаттылығы 1,5 млн тонна цемент өндіруге шақталған. Мұнда шығарылатын цемент еліміздің қажеттілігін 20 пайызға өтеп отыр. Өткен жылы 1,4 млн тоннадан астам өнім өндірген компанияның басшысы Пьетро Кала 227 жұмысшы еңбек ететінін, олардың бірқатары жергілікті тұрғындар екенін жеткізді. Сондай-ақ, ол логистикаға қатысты мәселені көтеріп, оның өнім көлемін арттыруға қолбайлау болып тұрғанына тоқталды.  Облыс әкімі бұл жағдайды шешу үшін ҚТЖ басшылығымен жұмыстар жүргізілетінін баса айтты. Сонымен қатар, тараптар облыс көлеміндегі тұрмыстық қалдықтарды зауыттың өндіріс барысында жағу арқылы жою мәселесін де назарға алып, жан-жақты мүмкіндіктерді қарастыруға келісті. Облыс әкімі келесі кезекте «Компания Мың-Арал» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Балықты мұздату және өндеумен айналысатын зауыт 2014 жылы іске қосылған. Балық зауыты жылына 1500 тонна балық ресурстарын өңдеуге қуатты. Кәсіпорында 2021 жылы 133,6 тонна және өткен жылы 122 тонна балық өнімдері өндірілді. Мұнда 30-дан астам еңбек етеді. Аймақ басшысы балық өндірісін арттыру үшін зауытқа Балқаш көлінің тағы екі учаскесін бекітіп беру үшін жауаптыларға жан-жақты жұмыстар жүргізуді тапсырды. Айта кетейік, жалпы облыста балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы бойынша 2025 жылға қарай тауарлы балық өндірісін 3000 тоннаға дейін жеткізу көзделуде. Ол үшін 18 инвестициялық жоба қолға алынуда. Бұдан соң Нұржан Нұржігітов Мыңарал ауылындағы Самал қалашығында Мойынқұм ауданы аумағындағы өндірістік кәсіпорын басшыларымен кездесу өткізді. Кездесуде облыс әкімі ауданның өнеркәсіптегі әлеуетіне айрықша тоқталды. – Өткен жылы облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 859,8 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 110,2 пайызды құрады. Өнеркәсіп Мойынқұм ауданының экономикасын ілгерілетіп тұрған негізгі салаларының бірі. 2022 жылдың қорытындысымен Мойынқұм ауданының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 94,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Облыс бойынша өнеркәсіптегі ауданның үлесі 11 пайыз десек, бұл аудандар ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш. Бүгінгі таңда ауданда 2 мыңнан астам адам өнеркәсіп саласында жұмыс істеуде,-деді Нұржан Нұржігітов. Жалпы, Мойынқұм ауданында өнеркәсіп саласында бірнеше ірі кәсіпорын жұмыс атқаруда. Атап айтқанда, металлургия саласында «Алтын алмас» АҚ Ақбақай филиалы. Құрылыс индустриясы саласында «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС, «Оргстрой» ЖШС, кен өндіру саласында «Шығыс кен басқармасы» ЖШС және т.б.  Одан бөлек, ауданда 6 жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асырып, қосымша 850-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Аймақ басшысы мемлекет, жергілікті билік кәсіпкерлікті қолдауға, ондағы өзекті мәселелерді шешуге барынша атсалысуға дайын екендігін атап өтті. – Мемлекет кәсіпкерлік субъектілерін қашанда қолдауға дайын. «Қарапайым заттар экономикасы», «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы шеңберінде ұлттық валютада несиелер беріліп және пайыздық ставкалар субсидиялануда. 2022 жылдың 1 қыркүйектегі Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына кезекті Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын ерекше атап өтті. Кәсіпорындағы қызметкерлер мен қарапайым жұмысшылардың жалақасын көтеру, еңбек өнімділігін арттыру, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселесіне көңіл бөлу аса маңызды,-деп түйіндеді Нұржан Нұржігітов. Өз кезегінде кәсіпорын басшылары да өзекті сауалдарын жолдап, жауаптар ала білді. Көтерілген мәселелердің шешу жолдарын қарастыру бойынша жауаптыларға нақты міндеттер жүктелді.

Жамбыл облысы әкімдігі
25.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 110
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 146
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 144
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 110
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 255
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 258
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 469
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 430

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9130
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8527
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11754
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9523
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10735