Мызғымас ұжымның қатары толықты

Мызғымас ұжымның қатары толықты

«Qazaqstan Dauiri» газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналының ұжымына жаңа маман келді. Маркетолог, үйлестіруші орнына Раиса Үмбетбаева тағайындалды. Бас директор, еланасы Сәуле Мешітбайқызы арнайы келіп, жылы лебізін білдіріп, батасын берді. Жұмыс куәлігін қолына алған Райса ханымға ұжымға қосылғанымен  құттықтап, алғадай пікірін білдірді. Қанша қиындықты бастан өткерген ұжым қатарында болу, онда баспасөз үшін қызмет ету үлкен құрмет екенін де атап өтті.

«Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы Дәулетбек Байтұрсынұлы сәттілік тілеп, бірден жоспарларымен де бөлісіп, жұмыс барысымен ақылдасып жатты. «Qazaqstan dauiri» газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлы да ақжарқын тілегін білдіріп, мызғымас ұжымның ұйытқысына айналуды тілеп, газет-журналымыздың дамуына зор үлес қосар деген үміт білдірді. Ұжым атынан Раиса Үмбетбаева ханымға шығармашылық табыс, жұмысында жетістік тілейміз!

17.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5603
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5750
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20718
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19348
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22814