Назарбаев тобы Ресейге қарап «ұлып» отыр

Назарбаев тобы   Ресейге қарап «ұлып» отыр

Nege.kz  порталының хабарлауынша, Қазақстандағы ең бай олигарх, «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 70 пайыз үлесін ұстап отырған Владимир Ким осы үлесін сатуға кетәрі емес сынды. Ол осы мәселеге қатысты Ресей олигархтары, ағайынды Ротенбергтермен келіссөздер өткізіпті. Бірақ оның нәтижесі әзірге белгісіз деседі. 

Компанияны 2006 жылдан бері басқарған екінші акционер (акциялар үлесі 30%) Эдуард Огай орнынан кетіп, оның орнына жас маман Нұрахмет Нұриев тағайындалды. Портал дереккөзі: «Акционерлер Нұриевті транзиттік фигура ретінде қойып отырғаны түсінікті. Бәрі тыныш болса, Огай орнынан ешқайда кетпейтін еді. Соған қарағанда, Ким мен Огайға Жаңа Қазақстан аса ұнамаған сияқты. Содан да болар, егер жақсы баға ұсынылса, олар Қазақстандағы активтерін сатып, бизнестерін Ресейге ауыстыруға мүдделі. Владимир Ким өз компаниясынан қарыз алып, компанияға тиесілі 8 миллиард теңге қарызын төлемей, оны шығындарға жатқыза салыпты.  Былтыр күзде, Қаңтар оқиғасына дейін «Қазақмыстан» 217 миллиард теңге тағы да қарыз алған. Владимир Кимге оңай қарыз беретін «Қазақмыс» басқа банктерге 77 миллиард теңге қарыз. Осыны ескерсек, Назарбаев тобының бизнестерін Қазақстаннан Ресейге ауыстыра бастағаны байқалады. Түренге алғашқы соқаны Назарбаевтың өзі салды. Оның қаржылық тобы Ресейдің Азия-Тынық мұхиты банкін сатып алды. Банкке уақытша қазақ қаржыгері Қайрат Алтынбеков басшылыққа келді. Енді Назарбаевтың артынан оның олигархтары да кететіні сөзсіз. Осылайша, Владимир Ким, Тимур Құлыбаев, Екібастұздағы апаттан кейін Александр Клебанов – бәрі де Ресейге қарап, «ұлып» отыр...» – деп жазады. Бұл дақпырттың қаншалықты рас-өтірігі алдағы уақытта белгілі болмақ. 

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
19.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 37
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 92
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 37
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 36
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 87
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 92
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 288
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 282
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 903

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8980
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8374
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11600
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9358
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10584