Неге қазақ халқы қоян жылынан қорқады?

Неге қазақ халқы қоян жылынан қорқады?

Жылдар: 1927, 1939, 1951, 1963, 1975, 1987, 1999, 2011, 2023 жылдар қоян жылдары болған.

Қазақ дүниетанымында Қоян жылы ауыр жылдардың бірі болып саналады. 

Тарихқа үңілсек, 1867-1868 жылдардағы "жалпақ қоян" жұты, 1879-1880 жылдардағы "үлкен қоян" жұты, 1891-1892 жылдардағы "кіші қоян" жұты, 1915-1916 жылдардағы "тақыр қоян" жұты болған. Бүкіл қазақ даласында мал қырылып, халық аштықты бастан өткерген.

Осылардың ішінде ең ауыр соқ­қаны "Ұлы қоян жұты" болса керек. Онда Батыс Қазақстан, Орталық Қазақстан, Оң­түс­­тік Қазақстанды бұрын-соңды бол­маған жұт жайлап, Оралда – 80 пайыз, Ырғыз бен Торғайда – 59 пайыз, Сырда­рияда 56 пайыз мал қырылған. 

Осы жұттардың куәгері Майлықожа былай деп жазған екен:

Қоян жылы жаумады көктен жаңбыр,

Қабағы шаруалардың болды салбыр.

Қысты күні болғанда  қар тынбады,

Айуанға өлім жетті аштан әрбір.

Қоян жылы заманның тары болды,

Көктен қуған құдайдың қаһары болды,

Төрт аяқты айуан баудай түсіп,

Пір тұтқаны тұтам шөп зары болды...

"Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" оқиғасы болған 1723 жыл да қоян жылы болатын. 

1951 жылы 18 қазанда Семей полигонында уран бомбасы сынақтан өткізілді. Ал 1963 жылдан бастап халықаралық келісім бойынша жарылыстар тек жер астында жүргізіле бастады.

1987 жылдың маусым айында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін Қайрат Рысқұлбеков ату жазасына кесілді. 

2011 жылы да қоян жылы болған еді. Бұл жылы Маңғыстауда жаппай тәртіпсіздік, Ақ­төбе, Атырау, Таразда, Алматы облысында лаңкестік оқиғалар болып, Оралда үш ауылды су басты.

Қоян жылы кімдер туған?

Қазақ тарихындағы ең ұлы хандардың бірі Абылай хан қоян жылында (1711 жылы) дүниеге келген. Ол дәл қоян жылында (1771 жылы) Қазақ хандығының ханы болып сайланды. 

Сонымен қатар қоян жылы туғандардың қатарында Сартай батыр, Шохан Уәлихановтың әжесі Айғаным Сарғалдаққызы, батыр Жанқожа Нұрмұхамедұлы, Ақан Сері, Ықылас Дүкенұлы, саяси қайраткер Мұхаметжан Тынышпайұлы, Ілияс Есенберлин, Асқар Тоқпанов, Ермұхан Бекмаханов, Мәлік Ғабдуллин, Жұмабек Тәшенов,  Жақып Омаров, Рымкеш Омарханова, Әбіш Кекілбаев, Жақсылық Үшкемпіров, Тұрсын Жұртбай, Әлібек Дінішев, Асқар Алтай, Бауыржан Жақып, Дариға Назарбаева, Дәулет Тұрлыханов, Ермек Аманшаев, Айгүл Мүкей, Досымжан Таңатаров, Сәкен Майғазиев, Жанар Дұғалова, Рахат-Би Әбдісағин және тағы басқалар бар.

Жансая ОЛЖАБЕК
02.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 64
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 589
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 704
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 617
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 628

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8764
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8163
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11392
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9146
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10377