Nur Otan-ның кезектен тыс съезі 28 қаңтарда өтеді

Nur Otan-ның кезектен тыс съезі 28 қаңтарда өтеді

 

     «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-де.: «Партия Саяси кеңесінің қаулысымен 2022 жылдың 28 қаңтарында партияның кезектен тыс XXI Съезін өткізу туралы шешім қабылданды. Коронавируске байланысты шектеу шараларын ескере отырып, ол онлайн-форматта өтеді», – деп жазды. Nur Otan партиясының XIX съезі 2019 жылдың 23 сәуірінде өтті. Жаңа отырыста партиясының қазіргі төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевты атқаратын қызметінен босатылады деп жоспарланып отыр. Оның орнында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев болады. Партия төрағасын сайлау және қызметтен босату партия съезінің айрықша құзыретіне жатады. Nur Otan – Қазақстанның жетекші саяси партиясы. 1999 жылы негізі қаланған. Партияны ұзақ жылдар бойы Нұрсұлтан Назарбаев басқарды.

Ермек Сахариев
20.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 753

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19673
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19485
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34613
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33181
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37000