Нұр-Сұлтан қаласында "Бөрте" спектаклінің премьерасы өтті

Нұр-Сұлтан қаласында  "Бөрте" спектаклінің  премьерасы өтті
Кеше Түркістан музыкалық драма театрының атақты драматург-жазушы Дулат Исабековтің пьесасы негізінде қойылған атышулы "Бөрте" спектаклінің Астанада өткен премьерасын көріп қайттым. Атышулы дейтін себебім, бір жаңадан шыққан қазақстандық сайттың "атың шықпаса, жер өртенің" керімен кімге тиісерін білмей, хайп қуалап, осы спектакльді қоюшылардың ізіне май шам алып түсіп алғанын және соларға еріп, кей драматург атанып жүрген ермелердің сөздерін меңзеп отырмын. Спектакльді елордаға алып келу үшін 32 млн ақша бөлініпті, бұл не масқара деп даурығып жатыр өздерінше. Ал санап көрейік онда.
Возможно, это изображение (1 человек и на открытом воздухе)
Біріншіден бұл екі-үш актерді бірлі-екілі реквизитпен гастрольге шығаратын қойылым емес. Труппаның ұзын саны 90 адам. Енді есептей беріңіздер. Тоқсан адамның жол қаражаты (бару, қайту билеттері), командировочный, тәуліктік төлемдері (суточный), қонақ үй шығындары. Кем дегенде елу мыңнан гонорар ұстатпаса тағы болмайды. Қуанышбаев атындағы театрдың бір күндік арендасы 4 млн. Оны олар, үш күнге жалдапты. Тағы он екі миллион. Оның сыртында спектакль барысында қолданылатын спец. эффектілер бар. Қойылым барысында жаңбыр да жауады, қор да борайды. Тіпті үш горизонтальды эсколаторлар орнатқан сахнада. Оларды әкелу, орнату, қайта демонтаж жасап Түркістанға жеткізу керек, Оның техниктері мен мамандары бөлек шығын. Төлейтін салықтары тағы бар. Ал, сонда қанша шықты? Санамай-ақ қойсаңдар болады. Кемінде 25-27 млн шығады. Ау сонда театрдың гастрольден 5-6 млн кірісі болмаса, ондай гастрольдің қажеті қанша?
Бір қызығы, кезінде ешкімге қажеті жоқ түрлі бутафориялық форумдарды ұйымдастыруға 300 миллиондап жұмсалғанда ешкім үдемеді. (Ол кезде доллар 160 теңге болатын). Ал киелі өнер ошағы - театрға бөлініп еді, ойбайлап шыға келдік.
Возможно, это изображение (1 человек)
Ал спектакль керемет шыққан енді. Төбеден кәдуілгі шынайы жаңбыр мен қар жаудыртып, сахнаға эсколаторлар жүргізіп, сахна тереңіндегі фонды 3D графикамен әрлеген, актерларды күміс атқа отырғызған эффектілерді былай қойғанда, әртістердің ойынын айтсаңшы. Шыңғысхан шынайы шыққан. Ал басты роль - Бөртені сомдаған Ая Шәріп өзінің кейіпкерін әр қырынан көрсете білді. Қыз балаға тән нәзіктік те болды ол жерде, әйел затына ғана жарасқан қулық пен тапқырлық та, ұстамдылық пен сабырлылық та қатар жүріп отырды. Анаға ғана тән мейірімділік пен жанкештілікті де анық байқайсың. Қазақ әйелдерінен ғана табылатын өр мінез де бар Бөртеде. Бір сөзбен айтқанда, көрерменнің алдына нағыз қазақ әйелінің идеалы шыққандай болды. Басқа актерлер мен хореографиялық труппаның да ойыны тәнті етпей қоймайды. Ал спактакльге арнайы жаздырылған музыка сол уақыттың атмосферасын дәл жеткізіп, кульминациялық сәттерге ерекше әр береді. Сөйтіп спектакльді тамашалап отырғанда үш сағаттың қалай өте шыққанын да байқамай қалдым. Қойылымдағы оқиға желісіне елігіп кеткенім соншалық, тек зал орнынан өре түрегеліп, актерлық труппаны авацияның астына алғанда, жанымда отырған Тілектес Мейрмамов, Төлеген Мұхамеджанов сияқты театр өнерінің корифейлері "Браво, браво" деп тамақтарын жыртып айқайлай бастағанда ғана есімді жидым. Сөз жоқ, қайталанбас әсер алғаным рас.
Возможно, это изображение (4 человека и люди стоят)
Мен, шынымды айтсам, жаңағы хайп қуалаған сайтқа еріп, соларға үн қосып, дарылдаған Думан Рамазанды түсінбедім. Қойылымды көрмей, білмей жатып, сырттан тон пішкені қалай? Әрі-беріден соң драматург деген атына сын емес пе? Кәсіби театрал сөйте ма екен? Алдымен көр, бағала, сосын айтар сыныңды айт. Өзге театрлар 3 млн теңгеге спектакль қояды дейді. Біріншіден ондай баға қазір мүлде жоқ. Театр басшыларынан сұрап көрсін сенбесе. Екіншіден ондай сомаға қойылған спектакльдің қандай көркемдік құндылығы болуы мүмкін? Бұрындары өтіп кеткен қойылымдардың бірінен қалпағын алып, екіншісінен шапанын кигізіп, үшіншісінен әбден жүн болып, киізге айналған сақал-мұртты жабыстырып сахналаған спектакль қайбір оңатын еді. Көрермен қауымның 90-шы, 2000 жылдары театрға бармай кеткенінің себебі де сонда. Жоқтан бар жасап, халтураға ұрынған театрға кім бара қойсын? Көрермен ақымақ емес. Оған шын мәнінде биік өнер мен эстетикалық қойылым керек. Декорациясы жай ғана бай болмай, соңғы үлгідегі эффектілермен әрлендірген спектакльдерді қалайды ол. Түркістан театры соны ұсына білді. "Бөрте" спектаклі шыққалы бері аншлагпен өтіп келе жатқаны - соның дәлелі. Ал оған қанша шығын кеткенін, ненің қайда жұмсалғанын жақында ғана фин.пол тексеріп кетті. Түк тапқан жоқ. Сондықтан, неге менің пьесаларыма сондай ақша бөлмеді деген іштарлыққа берілмей, дәлелсіз, дәйексіз, артпен бал ашқанды доғару керек.
Возможно, это изображение (1 человек и стоит)
Кезінде театр сияқты киелі өнерге неге ақша бөлінбейді деп өкпеледік. Енді берсе де ашуланып шыж-быж боламыз. Ешнәрсе жақпайды бізге.
Соңында іші күйгендерге айтарым: алдымен Түркістан театрының басшысы Айнұр Көпбасарова сияқты жергілікті билікке талап қойып, қажетті қаражатты ультимативтік түрде бөлгізуді үйреніп алыңдар. Жыламаған балаға емшек жоқ. Ал олай жұмысты дөңгелете алмайды екенсіңдер, онда сол 3 млн теңгеге өткен ғасырдан қалған киіз болған сақалдарыңды жабыстырып ойнай беріңдер.
PS: Айтпақшы, "Бөрте" қойылымын көру үшін ел-жұрт Германия, Түркия, Мәскеуден, еліміздің әртүрлі облыстарынан арнайы ұшып келіп жатыр. Бұл да көрсеткіш. Ал Италия театрлары "Бөрте" спектакліне өз сахналарынан тегін береміз деп отыр. Бәлкім Димаш, Данелия Төлешова, Ержан Максим сияқты, өз елін мойындату үшін, алдымен шетелді мойындату керек шығар? Асықпаңдар. Құдай қаласа, оған да жетеді театр.
МҰХТАР ТҮМЕНБАЙ ФБ ПАРАҚШАСЫНАН
21.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 91
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 101
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 196
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 196
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 333
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 336
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 562
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 510

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9211
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8608
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11834
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9604
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10817