НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДА ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВТЫҢ 110-ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДА ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВТЫҢ 110-ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

2021 жылдың 19 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласының Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен Сарыарқаның кемел ұлы, қазақ ақын-публицисі Қасым Аманжоловтың 110-жылдық мерейтойына арналған көрменің ашылу салтанаты өтті. 

Жастар арасында қазақтың жаңашыл ақыны, публицист, композитор – Қасым Амонжоловтың мұрасын дәріптеу және насихаттау мақсатында ұйымдастырылған көрмеде қатысушыларға ақынның отбасылық мұрағатынан алынған фотосуреттері, өмірбаяндық артефактілері, деректі материалдары, кітаптары, көрме экспонаттары таныстырылды.

Қасым Аманжоловтың мерейтойы аясында әзірленген іс-шаралардың кешенді жоспары өз жалғасын Нұр-Сұлтан қаласының «Астана» концерт залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен  дауылпаз  ақын Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған «Жырға айналған ғұмыр» әдеби-сазды кешімен жалғасты.

Сахна төрінде еркіндікке ғашық, бостандыққа құштар, азаттықты аңсаған ақынның өлеңдері оқылып, көркем өнердің телегей теңізі – Қасым Аманжоловтың өмірінен алынған көріністер ұсынылды.

Аталмыш мерейлі кеште Қарағанды облысының Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігі, Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театырының әртістері, Нұр-Сұлтан қаласының филармониясы, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева, Қазақстан эстрада жұлдыздары Клара Төленбаева, Гаухар Жүсіпова, Саят Әбдіғали және «Жарқын» халық би ансамблі өнер көрсетті.

20.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5508
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5660
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20629
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19258
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22722