Облыс әкімі азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті

Облыс әкімі азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті

Үкіметтік емес ұйымдардың халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, қоғамдық диалогтің қалыптасуына ықпалы жоғары. Азаматтық қоғам институттары өз жұмыстарын жергілікті атқарушы органдардың басым бағыттарымен ұштастыра отырып іске асырулары маңызды.

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов азаматтық қоғам өкілдерімен кездесуінде осылай деді. Кездесуде Үкіметтік емес ұйым өкілдері түрлі ұсыныстары мен орамды ойларын ортаға салып, бірқатар мәселелер талқыланды.

Басқосуда алдымен ішкі саясат басқармасының басшысы Ұлана Сламбекова баяндама жасап, ҮЕҰ-дың жұмысына тоқталып өтті.

Оның айтуынша, бүгінде облыста әртүрлі бағыттағы 878 үкіметтік емес ұйым (оның 627-сі іс жүзінде жұмыс істейді), 75 этномәдени бірлестік, 11 конфессиядан тұратын 379 діни бірлестік тіркеліп, жұмыс істеуде. Белсенді үкіметтік емес ұйымдар  саны – 200-ге жуық.

Өңірлік үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі облыс, қала, аудан әкімдіктері жанындағы 12 кеңес жұмыс жасайды, олардың 84 пайызы азаматтық қоғам өкілдерінен тұрады.

Өз кезегінде «Шебер шаңырақ» ҚБ төрағасы А. Бексұлтанова,  «Мүгедек жастар қоғамы» ҚБ төрайымы Ә.Дәулетбаева, «Амазонка» қатерлі ісік науқастарын қолдау қоры» ҚҚ төрайымы А.Сарьян, Қордай аудандық қоғамдық кеңес төрайымы, «Парыз» ҚБ жетекшісі Б.Қарамолдаева, «Жуалы аудандық іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ төрайымы Н.Малибекова, «Сенімен болашақ» республикалық ҚБ Жамбыл облысы бойынша филиалының басшысы  Д.Бағжанов, «Ar–Rashid Ruhanyat» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Д.Ташқараев, «Таластың сөнбес сәулесі» ҚБ төрайымы А.Байболатова өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын білдірді.

Облыс әкімі кездесуде көтерілген барлық ұсыныстар ескерілетінін жеткізіп, азаматтық қоғам өкілдерінің жұмысының маңыздылығын тілге тиек етті.

- Біз бүгін талқыланған мәселелер, айтылған ұсыныстар төңірегінде өздеріңізбен бірлесе жұмыс атқаратын боламыз. Мәселен, ұлттық өнерді ұлықтап жүрген «Шебер шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Анар Бексұлтанованың қолөнерді насихаттау, оны жас ұрпақтың бойына сіңіру туралы ұсыныстарын толық қолдаймын және біз бұл бағытта жұмыс жүргізетін боламыз. Сондай-ақ, «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әйгерім Маратбекқызы мүмкіндігі шектеулі жандарға тең мүмкіндіктер жасауға қатысты қазірде бірқатар ұсыныстар беріп отыр. Осы және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерінің барлық пікірлері назарға алынатын болады. Жалпы, азаматтық қоғам өкілдерінің қоғамдағы атқарып отырған жұмыстары, олардың нәтижелері әрдайым менің бақылауымда. Бұл орайда, барлық сала бойынша әлеуметтік тапсырыс қаражатын жыл сайын өсіру жолға қойылған. Соңғы үш жылда облыста мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пайызы 20-30 пайызға дейін артты. Ендігі мәселе – бөлінген қаржының көлеміне сай лайықты жұмыс атқару, сапасын көтеру. Дегенмен, әлеуметтік тапсырыспен барлық саланы қамту мүмкін емес. Бұл жерде әрбір азаматтық қоғам өкілінің жанашырлықпен, патриоттық сезіммен қоғамдық негізде еңбек етулері маңызды,-дей келе Нұржан Нұржігітов жиын барысында айтылған ұсыныс-пікірлерді ескере отырып, үкіметтік емес ұйымдардың өзара қатынастарын нығайту, өзекті мәселелерді бірлесіп талқылау мақсатындағы кеңесті облыс әкімдігі жанынан қайта құру қажеттігін баса айтты.

Сондай-ақ, аймақ басшысы өз сөзінде өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға, жергілікті атқарушы органдардың алдына қойылып отырған жаңа міндеттерге тоқталып өтті.

Бұдан соң бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды.

Жамбыл облысының әкімдігі
05.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 45
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 149
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 41
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 46
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 144
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 149
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 335
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 328
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 952

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9027
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8423
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11651
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9407
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10633