Облыс әкімі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейтуді тапсырды

Облыс әкімі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейтуді тапсырды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте өртке қарсы маусымға дайындық шаралары қаралды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Ералы Ақылбеков қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді.

Өрттің қауіпті маусымы 2025 жылдың 26 наурызынан басталды.

Облыс аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орман алқаптары орналасқан аумақтарда өртке қарсы минералды жолақ жырту қажет. Атап айтқанда, бұл жұмыстар республикалық маңызы бар автожолдардың бойындағы 1074 шақырым, облыстық маңызы бар автожолдардың бойындағы 712 шақырым және темір жол бойындағы 104 шақырым қашықтықта жүргізілуі тиіс.

Облыс аумағында мемлекеттік өртке қарсы қызметке қарасты 20 өрт сөндіру бөлімі жұмыс істейді. Бұл бөлімдер 106 елді мекенге қызмет көрсетеді.

Қалған 271 елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар тарапынан кезең-кезеңімен 36 өрт сөндіру бекетін құру жоспарлануда. Бүгінге дейін оның 22-сі іске қосылды.

Облыстың ауылдық округтерінде 2 128 адамнан тұратын 165 ерікті өрт сөндіру жасағы құрылды.
Тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мақсатында БАҚ және әлеуметтік желілелер арқылы профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Өрт қауіпті кезеңі басталғалы бері 16 мобильді топ құрылып, 92 рейдтік іс-шара өткізілді.
Ербол Қарашөкеев орман және дала өртінің алдын алу үшін жеке құрамның, өрт сөндіру техникаларының дайындығын, тұрғындар арасында ақпараттандыру жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ өрт сөндіру бекеттерін құруды қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды.

Бұдан бөлек, жауаптыларға өрт қаупі жоғары кезеңде орман қорында тұрақты кешекшілік ұйымдастыру, орман шаруашылығы мекемелерінің дайындығын жіті тексеру, құрал-жабдықтар мен жанар-жағармай қорының жеткілікті болуын қадағалау міндеті қойылды.

Жамбыл облысы әкімдігі
22.04.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5221
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5380
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20345
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18980
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22444