Өнерімен өрге жүзген өрендер

Өнерімен   өрге жүзген өрендер

Қошанбаев Айболат  пен Бектұрсынова Диананың  отбасы  Астана қаласында тұрады.  Отағасы Айболат Олжағалиұлы  біраз жылдан бері мұнай саласында, ал Диана Әлiбекқызы сұлулық салонында жұмыс істейді. Олар   өнерлі  ұл мен  қызды  тәрбиелеп отыр. Олжағали Нұрхан Айболатұлы Астана қаласындағы  №111 жалпы орта білім беретін мектептің   5 «Г» сынып оқушысы.  Ол «Hockey room» хоккей үйірмесіне қатысады.  Талантты бала Нұрхан  шығармашылықпен де айналысады. Ол  мәнерлеп оқу сайыстарынан жүлделі орындарға ие болып жүр.  Былтыр Республикалық «Мақатаев оқулары» конкурсында  1-орын алды. Жетекшісі: Нурхина Ақбота Назарбекқызы.  

Сондай-ақ «Игроманка» толықметражды фильмінің эпизодына түсіп, актерлық қырынан да өзін сынап көруде. Бос уақытын текке өткізбей,  Астана қаласында балаларға арналған киім дүкендерінде модель болып істейді. 

Ал Олжағалиева Дильназ Айболатқызы №111 орта мектептің  3 «Е» сыныбында оқиды.  Ол Астана қаласында мәнерлеп сырғанаудан «Элизабет Академиясының»  оқушысы.  Мәнерлеп сырғанаудан 1-орынға ие болып, Алғыс хатпен марапатталды.  Дильназ – өте еңбекқор қыз. Ол аптаның 6 күнін мұзда жаттығуда өткізеді.  Ал жаттығу сәті күніне 4 сағат уақытты алады. Алтын уақыттарын күні бойы телефон шұқылап, әлеуметтік желіде өткізбей, пайдалы істермен шұғылданып жүрген Нұрхан мен Дильназ сияқты балаларға өнерлерің үстем болсын деп сәттілік тілейміз! 

 

22.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Инженер, құрылысшы, қоғам қайраткері марапатталды
Әсем ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 15.05.2026 42
Субұрқақтар және әсем де жайлы тұрғын үйлер
М. ТАБЫН, Ақтөбе қаласы - 15.05.2026 42
Жаңа ережелер   енгізілуде
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 46
Арнайы мамандар тәжірибе алмасты
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 41

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25124
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24645
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42069
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37931
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42401