Оқтаулы қару атылмай қоймайды

Оқтаулы қару атылмай қоймайды

Атам қазақ «ілулі мылтықтың атылмай қоймайтынын» қалай дөп айтқан десеңізші. Әрине, қазіргідей қауіп көп заманда қару әрбір азаматқа қорғаныс үшін керек шығар, бірақ бүгінде ол басқа мақсатта көбірек пайдаланылып кетуде. Басқаша айтқанда, қару қорғаныс емес, қақтығыс, қарақшылық, кек алу, өш алу құралына айналып барады. ҚР ІІМ тарапынан қаруға қатысты арнайы нұсқау жолданғаны да осы мәселеге қатысты болса керек.

Аталған нұсқауға сәйкес және қылмысқа қарсы күрес мақсатында Түркістан облысы аумағында жыл басынан бері криминогендік ахуалды жақсарту, атыс қаруы мен оқ-дәрілерінің заңсыз айналымына қарсы бірқатар профилактикалық іс-шара өткізіліп келеді. Мәселен, жыл басынан бері Түркістан облысының полицейлері ҚР ҚКнің 287-бабымен, яғни «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» дерегі бойынша 51 деректі тіркеп, қылмыстық іс қозғаған. Оның 31 ісіне қатысты жинақталған құжаттар айыптау актісімен сотқа жолданған. «Атап өтсек, жоғарыдағы қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтаудың 51 дерегінің ішінде: 16 калибрлі тегіс ұңғылы шолақ мылтықты сақтаудың 14 жайты, 16 калибрлі тегіс ұңғылы мылтықты сақтаудың 8 жайты, травматикалық қару бойынша 8 жайт, оқ-дәрілерді сақтауға қатысты 6 жайт, суық қаруды сақтаумен 4 жайт, аңшылық мылтық бойынша 3 жайт, автомат қаруына қатысты 1 жайт бар», – дейді департаменттің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларымен облыс аумағында атыс қаруын пайдалана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге, заңсыз сақталған, тіркелмеген қаруды анықтауға бағытталған «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезең-кезеңімен өткізіліп отырады. Мәселен, 2022 жылдың 15 қаңтары мен 25 сәуір күндері аталмыш республикалық іс-шара өткізіліп, заңсыз азаматтық айналымнан 54 қару тәркіленіп алынған. Ал 25 сәуірден бүгінгі күнге дейін тұрғындардағы тіркелмеген қаруды сатып алу республикалық акциясы аясында түркістандық тұрғындар полицияға өз еріктерімен 167 қару тапсырған.

Тамыз айының 15-19, 25-28 күндері аралығында Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерінің бастамасы арқылы қала, аудандық полиция бөліністерімен бірге кезекті рет «Қару» шарасы өтті. Іс-шара кезінде 14 дерек анықталған. Айта кетерлігі, полицейлердің күн тәртібінен заңсыз қару айналымымен айналысатын адамдар мен қылмыстық топтарды ұстау, қару иелерінің оны сақтаудағы ережелерді дұрыс атқарып жатқандығын тексеру жұмыстары түскен емес. Нақтырақ айтсақ, «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары облыстағы қаруы бар тұрғындарды тексеріп, 650-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. «Оның ішінде, ҚР ӘҚБтК-нің 482- бабы «Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленуі, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы» бойынша 67 әкімшілік хаттама толтырылды. ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабымен «Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын сатып алу, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу» бойынша 400 жайт пен ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы бойынша «Азаматтық, қызметтік, коллекциялық қаруды тіркеу (қайта тіркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу» бойынша 190 тәртіп бұзушыны жауапқа тартты», – деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Есірткіге, қаруға қатысты қылмыстардың әрбірі құқық қорғау органдары тарапынан сапалы тергелуі тиіс. Өйткені осы заттармен байланысты қылмысқа барған күдіктілер тергеу барысында «тауып алдым» деген жаттанды жауаптан әліге дейін арылмай келеді. Көшеде шашылып жатқан ол қандай есірткі, қандай қару? Бұл осы қылмыстарға қатысы бар қаншама адамдардың қылмысын жасыру әдісі болуы әбден мүмкін ғой. Жоғарыда көрінбей отырған тапсырыс берушілерді тұзаққа түсірмей, бұл қылмыстарды түп-тамырымен жою мүмкін еместей сезіледі. 

Ш. МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Түркістан облысы
08.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 22
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 16
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 31
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 10
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 52
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 154
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 156
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 341
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 334
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 957

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9033
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8429
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11657
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9412
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10638