Оқушылар арасында сватингпен айналысу жиілеп кетті

Оқушылар арасында сватингпен айналысу жиілеп кетті

Ведомствоның апталық брифингінде Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек: «Жүргізілген талдау жұмыстары мұндай қауіптің басым көпшілігі шетелден түсетінін көрсетті. Интернетте «сватинг» деп аталатын, яғни өзге тұлғалардың атынан шұғыл қызметке жалған хабарламаларды жаппай таратумен айналысатын жасырын қауымдастықтар бар. Олардың уәжі әртүрлі: жеке кек алу, жанжал, басқа адамды әуре-сарсаңға салу. Қазақстандық оқушылар арасында да осындай топтарға әуестері бар. Сондықтан құқықтық тәртіп органдары ата-аналарға баласының интернеттен не қарайтынына мұқият болуы қажет. ІІМ арнайы органдармен бірігіп шетелдік құқық қорғау органдарымен, сондай-ақ қастық ойлаушылардың ІР-мекенжайларын, аккаунттарын және өзге де мәліметтерін анықтау үшін интернет-провайдерлермен белсенді жұмыс істейді. Тек қана соңғы екі айдың ішінде интернет арқылы жалған хабарлама таратқан 5 адам анықталды. Жалпы жыл басынан бері 28 адам мұндай әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Олардың 8-і бас бостандығынан айырылды», – деп мәлімдеді. 

Ермек Сахариев
07.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5055
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5219
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20180
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18824
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22279