Оралда «30 жұлдызды күн» іс-шарасы басталды

Оралда «30 жұлдызды күн» іс-шарасы басталды

            Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңындағы іс-шаралар легі мемлекеттік рәміздерді ұлықтаумен басталды деп хабарлады Орал қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

            «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» деген атаумен өткен салтанатты кешке қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов қатысып, жиналғандарды атаулы мерекемен құттықтады.

–Баршамызға белгілі, биыл – ұлық мерекеміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығы. Осыған орай Орал қаласында бір ай көлемінде «30 жұлдызды күн» аясында іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Отыз күн ішінде спорттық, мәдени, мерекелік, ұлттық спортты дамытуға арналған шаралар өткізіледі. Сондай-ақ жоспарға сәйкес  Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жаңа әлеуметтік нысандар ашылатын болады. Өткізілетін шаралар шеңберінде әр сала бойынша барлық жастағы адамдар қамтылатын болады. Басты мақсатымыз – ұрпақтар сабақтастығын үзбей, дәстүр жалғастығын дамыту, – деді Мирболат Сағынғалиұлы.

Салтанатты кеште патриоттық әндер шырқалып, көрермендер арасында мемлекеттік рәміздерге қатысты викториналық сұрақтар ойнатылды. Кеш ақын Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен түйінделді.

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
18.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5516
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5665
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20636
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19268
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22728