Оралда жас ақындар сыныбы ашылды

Оралда жас ақындар сыныбы ашылды

Орал қалалық білім беру бөліміне қарасты мектептен тыс жұмыс орталығының «Шабыт» шығармашылық орталығында жас ақындар сыныбы өз жұмысын бастады.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдегендей, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашылған «Ақберен» жас ақындар мектебінің жетекшісі, ақын, аудармашы, ғалым-ұстаз Талап Таймасұлының атындағы бұл жас ақындар сыныбының салтанатты ашылуына қаламгердің өмірдегі, өнердегі әріптестері, шәкірттері мен ақындық өнерге құмар жеткіншектер жиналды. Іс-шараға қатысушылар ақынның өмір жолына, балалар әдебиетін дамытудағы, өлең-сөзге құмар балғындарды қолдаудағы рөліне ерекше тоқталды. Сонымен қатар шабыт шалқар жырларын арнады.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
18.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5519
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5668
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20640
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19271
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22731