Ораз Қауғабай: «Zaman – Қазақстанда» талай тақырыптарды көтердім

Ораз Қауғабай: «Zaman –   Қазақстанда» талай тақырыптарды көтердім

Менің  «Zaman – Қазақстанға» жұмысқа келуіме 1994  жылғы Нью-Йорк  сапары себепші болды. Семей полигонының қасіреті жөнінде БҰҰ-ға петиция тапсырған 7 еріктінің бірі мен бір күні  осы  басылымға мақала әкелдім. 

 

Мақала көп өтпей бірінші бетке жарияланды. Ол кезде «Халық Конгресі» газетінде істейтін едім. Антиядролық қозғалыстың қаһарманы Олжастың осы аттас партиясы біз Президентке ашық оппозициямыз деп жарияланған соң аталған басылым  жабылды. Менің бұрынан мақалам жарияланып тұрғандықтан осы  газетке келіп, жағдайымды айттым. Бірден жұмысқа алды. Редактор Б.Бодаубаев, орынбасары Қ.Қайырбеков болатын. Бұл басылымда жүргенде көп дүниелер жаздым. Әсіресе 1995 жылы Стамбұлда Өзтүріктің шешесінен алған сұхбатым дүрбелең туғызды. Өйткені атақты спортшы белгісіз жағдайда қайтыс болды. Балама ажал Алладан келген жоқ деп еңіреп жылағаны әлі есімде. Сондай-ақ Олжасты  шетелге еріксіз елші қылып жібергені жөніндегі мақала да ешкімді бей-жай қалдырмады. Кеген ауданында 30-шы жылдары қызылдардың барлаушы ұшағын атып түсірген атақты қолмерген, Әлмерек абыздың тікелей ұрпағы Жақыпберді батыр жөнінде жазғандарымды  жұрт қызыға оқыды. Кейін бас редактор Жұмабай Шаштайұлының кезінде  шекарадағы сойқан туралы Әлімғазының жазғандарын қорытып нөмірге  жібергені үшін  кінәлі болып, жұмыстан кетуге тура келді. Бәрі айтып жату мүмкін емес. Бұл жөнінде кейін асықпай жазармын.

Қазір «Qazaqstan dauiri» газетінің тұрақты авторымын. Димекең туралы жазғандарым жиі жарияланады. Редактор Ертай Айғалиұлымен үнемі хабарласып тұрамын. Аталған басылымның белсенді авторы болғандықтан ұжымға шығармашылық табыс тілеймін! 

Ораз ҚАУҒАБАЙ, жазушы
03.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 141
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 177
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 175
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 141
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 285
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 287
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 503
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 461

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9159
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8557
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11784
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9552
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10765