Ораза пендешіліктен арылтады

Ораза пендешіліктен арылтады

Менің үлкен атам Битуған деген кісі діни сауатты, тақуа адам болған екен. Баласы Дәулет атамызды да жастайынан арабша оқытып, діни сауатын ашыпты. Дәулет атамыз ірі денелі, қайратты адам болған деседі. Ол кісі 1928-36 жылдары Қызылорда облысы Қазалы станциясында мешіттің бас имамы болыпты. Бес уақыт намазы мен оразасын қаза қылмай ұстап, жас балаларды оқытып, діни сауатын ашқан. Бірақ та Кеңес үкіметінің дінге деген көзқарасынан ол кісі көп қудаланған, кітаптарын үйге келіп, тартып алып, өртеген. Анамыз Айбарша кезінде осындай әңгімелерді көп айтып отырушы еді...

Анамыз да намаз оқып, ораза ұстап, таза жүрген. Дәулет ата науқастанған кезде бағып, батасын алған. Анамыз иманжүзді, көріпкелдігі бар, түс жорығыш жан еді... Аталарымыздың діни ілімі балалары Ишанқұл мен Әбдімәжитке дарымапты. Себебі оларды да көп уақыттар бойы «молданың балалары» деп жұмысқа алмаған. –  Әкемнің ағасы Ишанқұлға соғысқа аттанарда Дәулет атамыз бір кішкене ғана дұға оқып жазып берген екен, соның себебі болды ма, ол кісі ІІ дүниежүзілік соғысқа (1941-45) басынан-аяғына дейін қатысып, ешбір жарақат алмай, аман-сау елге оралды. Ал әкеміз Әбдімәжит теміржолда машинист болып, соғысқа оқ-дәрілер тасыған неміс ұшақтарының бомбалауынан көп жарақат алған, кейіннен «Құрметті теміржолшы» атағын алып зейнеткерлікке шықты. 63 жасында қайтыс болды. Ал енді менің айтайын дегенім, «Адам баласы Құран оқып, ораза ұстап, Алланың жолымен түзу жүрсе, Алла да ондай жанға өз мейірімін төгіп, бір жақсы қабілеттер дарытады-ау», – деген ойдамын...

Мен, міне, 7 жылдан бері ораза ұстап келемін. Байқағаным, бұрын тамаққа тоймай жүрген адам ораза ұстаса, ауызашарда бір жұтым суға да риза болып, тағамды аз ғана ішкеннің өзінде тойып шыға келеді екен. Анамның айтуынша, «Ораза барлық адамдарды теңестіреді, бай немесе кедей болсын, патша немесе жай адам болсын, шаруа немесе жұмысшы болсын, барлығы да Алланың үкіміне бағынып, Алланың құлдары екенін ораза кезінде түсінеді», – дейді. Және де Ораза айы – адамның пенделік қылықтардан арылып, ішіп-жеуден уақытша болса да тыйылып, періштеге ұқсайтын сәті. Алғаш рет ораза ұстаушыға алғашқы бір апта өте қиын сияқты болып көрінуі мүмкін. Ал бір жұмадан соң барлық қиындықтар артта қалып, ораза кестесіне адам өзінің қалай қалыптасқанын  сезбей де қалады. Сағат шырылдамай-ақ, өзінен-өзі белгілі уақытта тұрып, сәресі ішіп, өзін өте жеңіл сезінеді. Отыз күндік ораза отыз сағаттай тез өтеді де шығады. Сенбесеңіздер, ораза ұстап көріңіздер!

АЙБОЛ ӘБДІМӘЖИТҰЛЫ
30.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 115
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 33
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 48
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 110
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 115
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 307
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 301
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 923

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8997
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8392
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11617
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9375
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10601