Түркістан облысында «Найман» каналын бетондау жұмыстары аяқталды

Түркістан облысында «Найман» каналын бетондау жұмыстары аяқталды

 «Қазсушар» РМК-ның Түркістан филиалы Ордабасы ауданындағы «Найман» каналын бетондау жұмыстарын аяқтады. Жоба аясында «Найман» каналында ұзындығы 17,6 км, «Қара ой» каналында 5,8 км және Р-1 каналында 1,7 км болатын учаскелер бетонмен қапталды.

 Жыл соңына дейін канал бойындағы көпірлер мен су құбырлары құрылысын аяқтау жоспарланған. Бұл нысан Ордабасы ауданындағы 2000 гектар суармалы жерді, сондай-ақ аудан орталығы мен Қажымұқан ауылының жеке қосалқы шаруашылық учаскелерін сумен қамтамасыз етеді. «Найман» каналын реконструкциялау жобасы суармалы сумен қамтамасыз етілетін аумақты ұлғайтып, тасымалдау кезінде су шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

 «Реконструкцияға дейін бұл нысан жер арық каналы болатын, кей жерлері қамыс басып кеткен еді. Бетондау жұмыстарының нәтижесінде вегетация кезеңінде «Найман» каналы арқылы су көптен бері бармаған алқаптарға дейін жетті», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

28.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 35
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 23
Әлеуеті артып  келе жатқан аймақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.11.2025 31

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20381
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20209
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35317
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33884
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37735