ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында: «Отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы импорттық тауарларды орналастырудың маңызы ерекше. Бұл орайда мемлекеттен қолдау алған кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын өсіруге міндеттеме алады. Аргоөнеркәсіп кешенінде мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру үшін субсидиялау жүйесінің жаңа тәсілдері әзірленіп жатыр. Қосымша ауылшаруашылығы жерлерін айналымға енгізу арқылы ауыл шаруашылығы кооперациялары мен отбасылық шаруашылықтарды дамытуға жағдай жасалады. Бірінші кезекте ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге бағытталған жобалар басым түрде қолдауға ие болады. Оларды іске асыру үшін Үкімет бар күш-жігерін жұмсайды деп сендіремін. Сондай-ақ, бағалардың өсуіне жол бермеу үшін Үкімет Ұлттық банкпен және «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп, инфляцияны бақылау және төмендету бойынша жаңа шаралар кешенін қабылдады және іске асыруда. Осы жылы «Бизнестің жол картасы -2025» бағдарламасын қаржыландыру, оның ішінде субсидиялау мен кредиттерге кепілдік беру ұлғайтылады», – деп, аталған шаралардың бәрі биыл қабылданатынын еске салды.