Сарысу ауданы прокуратурасы аудан аумағында жайылым жерлерді тиімді пайдалану және пайдаланылмай жатқан жер телімдерін мемлекетке қайтару бойынша аудан әкімдігімен бірлескен жоспар құрған.
2021 жылдың 1 жартыжылдығына аудан аумағында жайылымдық жерлердің тапшылығы 22 135 мың гектарды құраған болса, прокурорлық қадағалау актілерімен (2022 жылы және ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығында) мемлекеттік қорға 70 мың гектарға жуық жайылым жер телімдері қайтарылған (облыс көлемінде 1-ші көрсеткіш).
Халықтың сұранысы мен өтініштері бойынша қайтарылған жер телімдері ауылшаруашылық жерлеріне өтетін конкурстарына енгізілуде.
Бұдан бөлек босалқы жер қорындағы жайылым жерлерді елді мекендерге бекіту мақсатында ауылдық округтер бөлінісінде тиісті карта дайындалып, 9 ауылдық округке барлығы 114,4 мың гектар жер телімдері тұрақты және маусымдық жайылымдар ретінде бекітіліп берілді.
Бірлесіп атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі таңда аудан аумағында жайылым жерлердің жетіспеушілік мәселесі шешілуде.