Пара дзюдодан әлем чемпионаты Астанада жалауын көтерді

Пара дзюдодан әлем чемпионаты Астанада жалауын көтерді

13 мамыр күні Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында пара дзюдодан әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Жарыстың алғашқы күні әйелдер арасында J1 -46 кг, J2 -46 кг, J1 -52 кг, J2 -52 кг, J2 -60 кг, ал ерлер арасында J1 -64 кг, J1 -70 кг, J2 -70 кг, J1 -81 кг және J2 -81 кг салмақ дәрежелері бойынша іріктеу белдесулері өтті.

 

Естеріңізге салайық,  бұл – төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын және 2028 жылы Лос-Анджелес қаласында өтетін Паралимпиада ойындарына лицензиялық ұпай беретін маңызды халықаралық турнир.

Үш күнге созылатын жарысқа 40 елден 350-ден астам спортшы қатысуда. Олардың қатарында Паралимпиада ойындарының 15 чемпионы мен жүлдегерлері бар.

Қазақстан ұлттық құрамасының намысын бұл жарыста тәжірибелі спортшылар – Ақмарал Науатбек, Ерғали Шәмей, Даяна Федосова, Жұрқамырза Шүкірбеков және басқа да дзюдошылар қорғайды. 

Ең өкінішті жағдай, аталған дүбірлі додада Қазақстан құрамасының атынан сынға түскен Олимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек жарыс жолын мерзімінен бұрын аяқтады.

J2 санатындағы 52 келі салмақта өнер көрсеткен Ақмарал ширек финалда Қырғызстан өкілі Айбике Ұланбекқызымен кездесіп, белдесу барысында ереже бұзғаны үшін жарыстан шеттетілді. Осылайша, отандасымыз әлем чемпионатындағы күресін тоқтатуға мәжбүр болды.

Бұл – Ақмарал Науатбектің жаңа салмақ дәрежесіндегі екінші халықаралық жарысы. Бұған дейін ол Тбилисиде өткен Әлем кубогінде алтын медаль жеңіп алған болатын.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Халықаралық зағиптар спорт федерациясының (IBSA) президенті Ильгар Рагимов, IBSA дзюдо комитетінің төрағасы Янош Тардош, сондай-ақ дипломатиялық миссия өкілдері, халықаралық спорт ұйымдары, ұлттық федерациялар мен серіктестер қатысты.

Ербол Мырзабосынов жарыстың ресми ашылуында құттықтау сөз сөйлеп, әлем біріншілігіне қатысып жатқан спортшыларға сәттілік тіледі.

«Қазақстанда паралимпиадалық қозғалыс қарқынды дамып келеді және бұл қоғамда инклюзивті құндылықтарды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Соның ішінде пара дзюдо спортынан отандастарымыз халықаралық жарыстарда нәтижелі өнер көрсетіп жүр. Токиода өткен Паралимпиадада отандастарымыз үш күміс медаль иеленсе, Парижде бір алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Құрамамыздың сапында әлем және Азия чемпиондары бар. Астанада әлем чемпионатының өтуі – еліміздің халықаралық деңгейде спорттық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізе алатындығының айқын дәлелі. Бұл чемпионатта да спортшыларымыз еліміздің намысын абыроймен қорғайды деп сенемін», – деп атап өтті Туризм және спорт министрі.

IBSA президенті Ильгар Рагимов та чемпионат қатысушыларына жылы лебізін білдіріп, Қазақстанға келу өзі үшін үлкен мәртебе екенін, елімізден әрдайым шынайы қонақжайлық пен дзюдоға деген адалдықты сезінетінін атап өтті.

«Қазақстанмен алты жылдан астам уақыт бойы ынтымақтаса жұмыс істеп келеміз. Алғашқы екі халықаралық турнир Атырауда өтсе, кейін Астанада Grand Prix кезеңі мен Азия чемпионаты ұйымдастырылды. Осы тәжірибеден кейін біз Қазақстан әлем чемпионатын өткізуге толық дайын деген ортақ шешімге келдік. Чемпионатқа дайындық бір жыл бұрын басталды және бұл үдеріс Халықаралық дзюдо федерациясымен тығыз байланыста жүзеге асты», – деді Ильгар Рагимов.

Айта кетейік, пара дзюдодан әлем чемпионаты 13-15 мамыр күндері жалауын көтерді. Биылғы додаға 38 елден 300-ден астам спортшы қатысуда. Жарыста 20 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Оның 16-сы Паралимпиада бағдарламасына енсе, қалған төртеуі жаңадан қосылған салмақтар бойынша үлестіріледі. Бұл – 2028 жылғы Лос-Анджелес Паралимпиадасына іріктеу турнирі мәртебесіне ие беделді жарыс.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК

 

15.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 290
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 286
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 300

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13363
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13339
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28454
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27136
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30640