Паралимпиада да тарих қойнауына кетті

 Паралимпиада да тарих   қойнауына кетті

Қытай астанасы Бейжің қаласында өткен 2022 жылғы XIII қысқы Паралимпиада ойындары ресми түрде жабылды. Әлемнің 46 елінен келген 564 сайысқа қатысушы спорттың шаңғы жарысынан, биатлоннан, тау шаңғысы спортынан, следж-хоккейден, арбадағы керлингтен және сноуборд секілді спорттың алты түрінен 78 жүлдені сарапқа салды. Еске салсақ, айтулы аламанда еліміздің атынан Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Денис Петренко, Юрий Березин және Сергей Усольцев пара шаңғы және пара биатлон спорт түрлерінен ел намысын қорғады. Олардың арасынан пара биатлоннан түрегеп сырғанауда Александр Герлиц қола жүлдегер атанды. Медальдар кестесінде Қазақстан Аустралия және Швейцариямен бірге 17-і орынға жайғасты. Қытай командасы – 1-орында, украиналықтар – 2-орында. Жалпыкомандалық есепте қытайлық паралимпиадашылар 18 алтын, 20 күміс және 23 қола медаль жеңіп алды. 2-орынға Украина командасы тұрақтады (11-10-8). Үштікті канадалықтар аяқтады (8-6-11).

Ермек Сахариев
17.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5007
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5173
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20127
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18772
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22230