Парижде Абайға ескерткіш-бюст орнатылды

Парижде Абайға   ескерткіш-бюст орнатылды

Қазақстан Республикасының Франциядағы елшілігінің бастамасымен Париж қаласының 16-ы округінде орналасқан Ақындар гүлзарында Абайға орнатылған ескерткіш-бюстін ашу салтанаты өтті. Шара Қазақстан Тәуелсіздігі мен екі ел арасында дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналды. Мүсін Қазақстан-Франция іскерлік кеңесінің мүшелері Айдана Кәрібжанова мен Ги Сидостың мұрындық болуымен орнатылды. Мүсіннің авторы – Ербол Зиябеков. Салтанатты шараға Париж қаласы 16-ы округінің мэрі Франсис Спинэр, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, ҚР Франциядағы елшісі Жан Ғалиев, Франция астанасы мэрінің орынбасары Арно Нгатча және Франциядағы қазақ қайраткері туралы зерттеулермен айналысатын Альберт Фишлердің қызы Анна Глас сияқты меймандар қатысып, сөз сөйледі.

 

09.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

Балалар суицидінің алдын алу жолдары
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 28.03.2026 57
Ақ пен Қараның тайталасы
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.03.2026 109
Жер қатынастары  жүйесі нені реттейді?
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 60
Кешеннің негізгі мәселелері
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 63

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24055
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23723
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41203
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37127
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41387