Патриотизм әр адамның бойында болса ғой, шіркін!

Патриотизм әр адамның  бойында болса ғой, шіркін!

Қазақстанда патриотизм  аса маңыз-ды да өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Қазіргі  қазақ елінің тәуелсіздігінің нығаюы және  дамып-өркендеуінің  объективті шарттарының бірі – осы қазақстандық патриотизм. Шындығында патриотизм ұғымы көзсіз құштарлық емес, ата-баба қанымен бойға сіңген Отанға, елге деген таза да  шынайы махаббат деп түсінуіміз керек.   Оның қоғам дамуында алатын орны ерекше. Отансүйгіштік деген ұғым өзің жаралған топырақ пен өскен ортаға деген ізгі сезім деп қана түсінбеу қажет, оның аясы өте кең. Яғни ертеңге деген берік сенім сияқты сезімдерді оятып, елдік, бірлік, халықтық қасиет-қазыналарды қастерлеу отансүйгіштік болып табылады.       

Қазақстандық патриотизм  ұғымы біздің тәуелсіздігіміз туған кезде қалыптасып, өркен жайды. Бұл дегеніміз еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың  ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған Отаны болып саналады. Сондықтан  әрқайсысы атажұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғап, материалдық байлығын арттыруға күш жұмсауы керек. 

Біз ұрпағымыздың санасына ең әуелі Отанына деген сүйіспеншілік сезімін сіңіруге тырысуымыз қажет. Содан соң елі мен жеріне деген махаббатын, сүйіспеншілігін  молайтуға күш саламыз. Патриотизм деген – мағынасы кең, мәні зор түсінік. Байқап отырсаңыз, әрбір  адамның бойында бұл қасиет бар. Біз оны байқай бермейміз, бірақ  бұл сезім бәрімізде кездеседі. Жасы келіп есейген сайын адам  өз елінің нағыз патриотына айналады. Сондықтан жас ұрпақтың бойына  ең бастысы ұлттық патриотизм ұғымын  сіңдіріп өсіруіміз қажет. Патриотизм балалық шақтан басталуы керек. Әрі қарай  өмір жолында патриоттық сезім қалыптасып, жас ұлғайған сайын мәні де кеңейе береді.  Біздің міндетіміз – балаларымызды сәби кезінен патриот болуға тәрбиелеп, ой-санасына әсер етіп, зердесіне құю. Олар есейе келе  білім алады, жоғары оқуға түсіп, маман иесі болады. Жігіттер азамат болған соң  әскерге  барып, елін қорғауға аттанады. Оқуларын бітірген соң бір-бір  мамандықтың иесі болады. Иә, одан соң  отбасы мен Отанға қызмет жасауы керек. Кез келген кеудесінде жүрегі, сезімі бар адам өзін патриотпын деп санайды. Тұла бойы  патриоттық сезімге толы ұрпақты тәрбиелеуді негізі әрбір адам өз отбасынан бастаған жөн. Әрбір  бала кішкентай кезінен бастап мына нәрселерді білгені дұрыс. Өзінің қай  елдің азаматы, ұлттық тілі мен діні қандай? Отаны мен туып-өскен елі қандай? Рәміздері,  Туы мен елтаңбасы нені білдіреді? Жастар  білім алады, жоғары оқуға түсіп, маман атанады. Кейбір азаматтар әскери салаға барып, елін қорғауға аттанып жатады. Оқуларын бітіріп, маман иесі болады. Иә, маман иесі болған соң,  алдымен өз отбасы мен Отанның игілігіне қызмет жасауы қажет.  Сондай-ақ  жас ұрпақ бір-бірін танып біліп, құрметтегені  және  санасына  халқымыздың мәдениетін, әдет-ғұрпын, тарихын  сіңіре білгені дұрыс.   

Шаргүл БИЕКЕЕВА

07.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 6904
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 7035
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 22026
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 20635
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 24128