Патриотизм құр «уралап» айқайлау емес

Патриотизм құр «уралап» айқайлау емес

Биылғы жағымды жаңалық, еліміздің Қорғаныс министрлігі 9 мамырда әскери шеру өткізуден үзілді-кесілді бас тартқаны болды. Сөйтіп, еліміз жаңа Қазақстан құру бастамасында тағы бір батыл саяси қадам жасады. Ресми билік оның себебін зкономикамыздың тұралап, қаржылық мәселенің қиындап кеткендігімен түсіндірді. Біздің ойымызша, бұл билік тарапынан дұрыс қабылданған шешім. Себебі, шын мәнінде орыс рухын көтермелеп, Ресейдің әскери күш-қуатын жарнамалаудың «құралы» болып келген 9 мамыр қазақ үшін Жеңіс күні болудан қалды. Әсіресе, Ресей Федерациясының тәуелсіз Украинаға жасаған «арнайы әскери операциясынан» соң, біз қаласақ та, қаламасақ та Жеңіс күні өзінің бастапқы мәні мен мазмұнынан айырылды. Алайда, біз бас тартқанмен Мәскеудің кейде ашық, кейде жасырын қолдауына ие болып келе жатқан ресейшіл күштер одан бас тартқан жоқ.

Мереке күнгі қарбалас  немесе кілең  «тірі өліктерден» құралған «Ажалсыз полк» туралы

Болжағанымыздай, олар көп күттірмеді. Алдымен мәскеулік тележурналист Тигран Кеосаян деген біреу тұтас бір халыққа қоқан-лоқы көрсетіп, қазаққа қарсы айбат шекті. Оның «өтірік ойнап болған шығарсыңдар» деген ащы мысқылы талай ер-азаматтың қанын қайнатты. Смартфонның бер жағында отырып жұдырығын түйді, тісін қышырлатты. Әрине, себепсіз емес. Көзіңді бақырайтып қойып «Қазақтар, 9 мамырда неге шеру өткізбейсіңдер? Неге Ресейді ашық қолдамайсыңдар?! Украинаға қараңдар, сендер қандай отпен ойнап отырғандарыңды білмейсіңдер?» десе, қай ұлт болса да кіжінеді, кім болса да ашуға мінеді. Дегенмен, мұндай кезде эмоцияға беріліп, ақымаққа ашумен жауап беруге болмайды. Ол – дипломатикалық этикаға жат.

Бір жақсысы еліміздің Сыртқы істер министрлігі солай істеді де. Ресейдің қолшоқпары болуға ұмтылған Кеосаянның арандатушылық әрекетіне байыпты жауап берді. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі режиссер, тележурналист, арандатушы, сайқымазақ Тигран Кеосаянның елге кіруіне 50 жылға тыйым салған шешім шығарды. 

Айта кетейік, ресейлік журналистің бір халықтың намысына тиетін бәдік мәлімдемесі тек қазақ ұлтының ғана емес, тұтас қоғамның ашу-ызасын туғызды. Оның доқ көрсете сөйлеген сөздері әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Оған ә дегенде қоғам белсендісі Арман Шораев, актер әрі режиссер Досхан Жолжақсынов, депутат Мұхтар Құл-Мұхаммед лайықты жауап қайтарды. Мысалы, А.Шораев. «Тигран, сен барып тұрған лас адамсың, арандатушысың, біреудің қолындағы қолшоқпарсың» десе, Д.Жолжақсынов: «Қатты күшенбе, кіндігің үзіліп кетеді» деп ескертті. Ал, М.Құл-Мұхаммед: «Байғұстың іші күйіп бара жатса, осылай құспағанда қайтеді»» деп «жанашырлық» танытты. Басқалар да қарап қалған жоқ.

Не десек те, 9 мамырда шеру өткізуден бас тарту, бұл тек экономикалық қиындықтан туып отырған шешім емес. Ол Тигран түгілі, имранға да белгілі. Керек болса, 9 мамырды тағзым ету күні деп аспандатуда тұрған  да ештеңе жоқ. Оның мәні басқада. Рас, Жеңіс үлкен мереке, ол даусыз. Алайда, бүгінгі күнге қараңызшы, біз жеңіп жүрміз бе, жеңіліп жүрміз бе? Әрине, жеңілістен жеңіліске ұшырап жүрміз. Анығы, рухани деградациядан бас көтере алмаудамыз. Неге? Себебі, әлем дәл қазір үшінші дүниежүзілік соғыс алдындағы жағдайда тұр. Бізге той жасап, ку басты домалтудың негізсіз болатыны сондықтан.

Сталин, Берия және  Кеосаян – бұл не масқара?

Жасыратыны жоқ, осы кезге дейін қазаққа қарата талай артық сөз, асылық пікірлер айтылған. «Қазақстанда бұрын-соңды мемлекет болған емес» деп бөсті біреулер, «қазақ жерін біз уақытша сыйға бергенбіз» деп көкігендер де болды, «Қазақстанның солтүстік аймағы Ресейдің бір бөлшегі» деп бықсығандар да табылған. Не керек, қазақ бәріне сабырлықпен қарап, салиқалы мінез танытты. Алайда, ішкі тұтастығымыз бен бірлігімізге көлеңке түсіріп, іріткі салатын Кеосаян сияқтылардың бейпіл ауыз сөздерін ескерусіз қалдырсақ, ол елдігімізге де, тәуелсіздігімізге де сын болар еді. Сондықтан оған өз уақытында лайықты жауап қайырғанымыз дұрыс болды. Себебі жанымызға түскен кішкентай сызат күндердің күнінде тағдырымызға әсер етуі әбден мүмкін. Қазіргі жан алысып, жан берісіп жатқан орыс – украин соғысына байланысты Қазақ елінің бейтарап позиция ұстануы кейбір ресейлік тоқылдақтардың ұйқысын қашырып жатқаны түсінікті. Бірақ, осындай ойланбай айтылған оспадыр сөз бен опасыз көзқарастан ұлттар арасында өшпенділік туып, оның соңы үлкен жанжалға ойналуы мүмкін екенін тарих талай дәлелдеген. Алаш көсемі Ә.Бөкейханның «Елді бұзуға шамасы жеткен сөздің елді түзеуге де шамасы жетеді» дейтіні бар. Сол кісі: «Түзеуге жұмыстансақ қана түзелетінін» де ескерткен. Кеосаян сияқты қолшоқпардың бәдік сөзін «таразыға тартқанда» осыны ұмытпайық. Өйткені, бір ұлттың тыныштығын тас-талқан етіп табанға салу үшін ойланбай айтылған бір ауыз сөз жеткілікті. Арты от пен түтінге ұласып кетуі оп-оңай... 

Алаңға Сталин мен Берияның суретін алып шығу сіздің кемшілігіңіз емес пе,  Ералы Лұқпанұлы?" | Inbusiness.kz

Жалт қарасам, мұртты Сталин мен көзілдірікті Берия! Дәлірегі, солардың портреті екен. Құдды тірі кісілердей қадала қарайды. Біреу төбемнен мұздай су құйып жібергендей тітіркеніп кеттім. Өзіме келген соң, қазақты қынадай қырған бұл зұлымдардың суретін соншама әспеттеп, аспанға көтеріп тұрғандар кім екен деп, портреттің астына көз салдым... Мәссаған... өзіміздің қаракөздер! Шындығы керек, «шок» болдым. Сұмдық көрініс енді... Тіпті, жылағың келетін көрініс. Содан кейін ғана маңайыма мұқият көз жүгірте қарай бастадым. Сізге өтірік, маған шын, тура қарсы алдымда кілең қазақтардан құралған «Бессмертный полк» ұрандап кетіп бара жатты... 

Не десек те, 9 мамырда шеру өткізуден бас тарту, бұл тек экономикалық қиындықтан туып отырған шешім емес. Ол Тигран түгілі, имранға да белгілі. Керек болса, 9 мамырды тағзым ету күні деп аспандатуда тұрған  да ештеңе жоқ. Оның мәні басқада. Рас, Жеңіс үлкен мереке, ол даусыз. Алайда, бүгінгі күнге қараңызшы, біз жеңіп жүрміз бе, жеңіліп жүрміз бе? Әрине, жеңілістен жеңіліске ұшырап жүрміз. Анығы, рухани деградациядан бас көтере алмаудамыз. Неге? Себебі, әлем дәл қазір үшінші дүниежүзілік соғыс алдындағы жағдайда тұр. Бізге той жасап, ку басты домалтудың негізсіз болатыны сондықтан. Қазір той тойлайтын,малақайды аспанға лақтырып мақтанатын уақыт емес. Бұған соғыс ардагерлерінің, олар туралы айтылар естеліктердің түк кінәсы жоқ. Анық білетінім – бізге бір Жеңіс күні керек! Ол не үшін керек? Ол – майдан даласында қаһармандықпен қаза тапқан, жеңіс күніне жете алмаған боздақтарды еске алып, аруағына тағзым жасау үшін, соғыс атаулының енді ешқашан қайталанбауы үшін керек. Ал, марқұм болғандардың суретін төбеге көтеріп, шеру өткізу төл табиғатымызға да, дін-шариғатымызға да жат нәрсе. Мұны о баста мойындап, оның алдын алатын шаралар қарастыру керек еді. Сонда сырттан келетін идеологиялық шабуылдардан сақтанып, мұншалық әбігерге түспес пе едік, кім білсін... Оның үстіне марқұмдарды әр жыл сайын қайталап еске ала беру де жан ауыртып, жүрек сыздататынын ұмытпаған жөн.

Ал, патриоттық тәрбие – өте қажітті шаруа. Расы керек, біз өмір шындығымен байланысты үзіп алдық десем, оқырман мұнымен келісетін шығар. Патриотизм «ура-ура» деп құр далақтап айқайлау емес, немесе кеудеге үш жолақты «Георгий лентасын» байлап, марқұмдардың суретін төбеге көтеріп «Бессмертный полк» шеруіне шығу да емес. Тіпті «Если надо, можем повторит» деген жазуды автокөліктің маңдайына, бүйіріне жапсырып алып, жұрттың үрейін ұшыру да патриотизмге жатпайды. Патриотизм – ең алдымен өзің өмір сүріп жатқан елді сүю, соның жолында жанып-күю, өйткені ол сенің отбасың, Отаның; ұлтқа адал қызмет ету, Отан алдындағы міндетіңдібұлжытпай орындау, онымен бірге сол елдің дәстүрі мен заңдарын құрметтеу! 

Шамамен, патриоттың тәрбие дегеніміз – осы!

 

 9 мамырдағы клоунада

Жылдағы дәстүр бойынша, Жеңіс күніне орай 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағына тағы бардым. Мақсатым – көппен бірге болу. Саябақта жиналған халықтың қарасы мол көрінді. Әсіресе, «Даңқ» мемориалдық кешенінің іші ығы-жығы. Топ-топтың арасымен ішке ілгеріледім. Байқап келемін, біреулер омырауында үш жолақты «Георгий лента» тағып алыпты, екінші біреулер оның тек қазақстандық нұсқасын ғана байлапты, арасында бұл екі түрлі сиволдық мәні бар лентаның екеуін де бір-бірінен бөліп-жармай қатар таққандар кездесті. Бір қарағанда бәрі жарасымды, еш сөкеттігі жоқ. Осы көріністен-ақ лента тағып жүргендердің көпшілігі оның тарихы мен символдық астарын білмей тағатынын аңғарасың. Олар өздерінің бұл әркеттерін соғыста қаза тапқандар мен соғыс ардагерлеріне көрсеткен құрметіміз деп есептейді. Ал, екінші біреулер тарихын білсе де, адамдарды арындату үшін әдейі тағады. Үшіншілері, «Георгий лентасына» құрметпен қарау бүгінгі қазақ қоғамына лайық іс емес екенін біле тұра, жай қызық үшін қадап алады. Ішкі ілгерілей түстім. «Мәңгілік алау» басына жақындай бергенде үстіне КСРО кезіндегі әскери форма киген, қолының қарына от пен түтінді бейнелейтін ромбик жапсырған жастар тобын жолықтырдым. Олардың киімі көпшіліктің назарын өзіне ерекше аударып тұрды. Иә, әскери форма-үйреншікті нәрсе болса да, оған көзі түскендердің бойындағы жылт еткен үрейлі энергетиканы байқамау мүмкін емес еді. Ол өз ішімде де байқалды. Неліктен? Себебі, әлем әскери киімдегілерден әбден зәрезап болып, жүрегі шайлығып қалған. Оларға сенбейді, әскерилер жүрген жерде қан төгіс бірге жүреді деп есептейді. Мәселенің мәнісі осында.

Жителей Молдавии предупредили о штрафах за ношение георгиевской ленты 9 мая  - ИА REGNUM

Менің ойымда ештеңе жоқ, тек топ ішінен таныс кісілер кездесіп қала ма деген үмітпен келе жаттым. Кенет дәл төбемнен біреулердің тесіліп қарап тұрғанын сезіндім. Жалт қарасам, мұртты Сталин мен көзілдірікті Берия! Дәлірегі, солардың портреті екен. Құдды тірі кісілердей қадала қарайды. Біреу төбемнен мұздай су құйып жібергендей тітіркеніп кеттім. Өзіме келген соң, қазақты қынадай қырған бұл зұлымдардың суретін соншама әспеттеп, аспанға көтеріп тұрғандар кім екен деп, портреттің астына көз салдым... Мәссаған... өзіміздің қаракөздер! Шындығы керек, «шок» болдым. Сұмдық көрініс енді... Тіпті, жылағың келетін көрініс. Содан кейін ғана маңайыма мұқият көз жүгірте қарай бастадым. Сізге өтірік, маған шын, тура қарсы алдымда кілең қазақтардан құралған «Бессмертный полк» ұрандап кетіп бара жатты... Таң қалғаннан жағамды ұстадым. Ауызыма сөз түспей қалды. О заманда, бұ заман, есі дұрыс адам ата-бабаларының қанын шөміштеп емес, шелектеп сімірген қанішерлердің портретін төбесіне көтеріп, оған құдайдай сыйынып, табына ма? Масқарашылық деп осыны айт! Мұндай клоунаданы өз көзіммен көрмесем, сенбес едім. Ұяттан жер болдым. Бұл масқарампаз клоундарды кім десек болады? Мәңгүрттер?.. Жағымпаздар?.. Опасыздар?.. Сатқындар?.. Азғындар?.. Әлде, іштен шыққан жаулар дейміз бе?.. Мейлі, кім не десе о десін, меніңше, бұлар жауыздарды төбесіне көтеріп, суретіне сыйынып, сөйтіп аруақты ұмытқан тірі өліктер! Иә,иә, тірі өліктер!!! 

Ең қорқыныштысы – бұл тірі өліктер Марстан, не Айдан аяғы салбырап түскен жоқ, Жерден де шыққан жоқ. Бұлардың бәрі қазақтар, өзіміздің туыстарымыз бен қандастарымыз. 

Тұтас әлем бірігіп рашизмді құлатып, әділетті қоғам орнату үшін күш жұмылдырып жатқанда, қазақтардың мұнысы... енді жұмсартып айтқанда, барып тұрған ақмақтық.

Осы ретте мынадай бір мәселені де айналып өте алмаймыз. Ресей билігінің осыдан 77 жыл бұрын өтіп кеткен Жеңіс күнін атап өтуінің астарында не гәп бар? 

Күлбітелемей ашығын айтатын болсақ, әлемдік маңызы орасан зор осы оқиғаның мәні мен мазмұнын бүгінгі өлшемге сай қайта бағалап, өзгертетін уақыт әлдеқашан жеткені анық. Алайда, оны өзгерту туралы ой бүгінгі тоңмойын Ресейдің қаперіне де кірмейді. Тек әуелде қалыптасқан өз көзқарасы мен империялық мүддесі тұрғысынан ғана түсіндіріп, насихаттауға бейіл. Себебі белгілі. Біріншіден, империялық амбициясы қайта қозған Ресей әлемге өктемдік жасауын доғарғысы жоқ. Яғни, айтқанына көніп, айдауына жүрмегендерге қарулы күш көрсетуден бас тартпақ емес. Екіншіден, технологиялық, техногендік уақытқа сай орыс рухын көтеретін жаңадан жалпыұлттық миф ойлап табуға қауқарсыз. Керек десеңіз, оны ойына да алмайды. Тек әлемді ауызына қаратқан бір кездегі Жеңісті күнін аңсайды. Анығырағы, қайтпасқа кеткен КСРО-ны қалпына келтіруді көксейді. Үшіншіден, Кеңес Одағын көксеу бар да, оны жүзеге асыру бар. Мысалы, Хрущев пен Брежнев уақытындағы «кір-қожалақ» Ресей, қазіргі «дамыған» Ресейге тең келе ме? Кремль қожайынының ойынша, тең болуы мүмкін емес. Тіпті, ол қисынсыз. Бүгінгі Ресей кешегі Ресейден әлдеқайда қуатты әрі мықты. Сонда бүгінгі Ресейге тең келетін кім қалды? Әрине, сталиндік Ресей! Түсінгенге, Сталин – ол жай «халықтар әкесі емес, ол – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің де әкесі. Президент Путин «Менің пірім – Сталин!» деп сұхбат та берген кезінде. Осыдан-ақ, оның Сталинге деген ерекше құрметін аңғаруға болады. Бұл нені білдіреді? Яғни, Жеңіс күнін тойлау, әскери шеру өткізу жай бейбітшілікті ұлықтау немесе қайдағы бір фашизмді айыптауда тұрған нәрсе емес, 1418 күн мен түнге созылған сұрапыл соғыстағы Жеңісте Мәскеудің қаншалықты рөл атқарғандығына әлемнің назарын аудару. 

Мұны екінші сөзбен түсіндірсек, империялық амбициясы басым елдерде өз тұрғындарынан басқа халықтардың соғыстағы ерлігін қасақана көмескілендіру әрекеті болмай тұрмайтыны белгілі. Сол психоз бен астамшылдық Ресей билігіне «соғыстағы кеңес әскерінің ерлігі» деген сөзді айтқызбай отыр десе болады. Олар ұрыстағы бір ғана халықтың – орыстың ерлігі туралы ғана еске салуға әуес. Әрине, оны істеп отырған адамдар Ұлы Отан соғысындағы батырлық пен қаһармандықтың мәні мен маңызын түсінбейді десек, қателесеміз. Қайткенде де, олар түк білмейтін саяси өліктер емес, басқаларды адастыру үшін болған оқиғаны әдейі бұрмалаушылар. Мысалы, Ресей лидерінің «Соғысты Орта Азиясыз-ақ жеңіске жетер едік» деген пікірі осы айтқанымыздың бір ғана мысалы. Сөйтіп, тұтас халықтардың тарихымен, қасіретімен ойнағысы келеді. Ойнаса ойнасын, бірақ ойнаймын деп бір күні ойыны осылып қалмаса болғаны да.

Төртіншіден, қару-жарақ саудасы әлемдегі ең кең таралған табыс көзі. Бұл сауда-саттық ешқашан толастаған емес, толастамайды да. Сұраныс бар жерде, өндірушілер де болмай тұрмайды. Алайда, өзінде жаппай қырып-жоятын қарудың жаңа түрі бар екенін қалай жарнамалайды? Оны тұтынушыға қайтіп көрсетеді? Міне, әскери шеруді өткізудің бір мақсаты осында жатыр – шерулету арқылы көрсете алады. Мәселен, Ұлы Жеңістің 75 жылдығында Мәскеуде өткен парадта 216 танк, бронотранспортер, гипердыбыстық зымыран, өздігінен жүретін артиллериялық қондырғы тәрізді ұрыс техникалары, 75 ұшақ пен тікұшақ қатысса, оның 20-сы бұрын-соңды жұрт көрмеген су жаңа техника арсеналдары болған. Демек, әскери шеруді өткізуді қару нарығына жасалған месседж деп те қабылдауға болады. 

Өткен күнмен мақтану сырт көзге жақсы іс сияқты болып көрінгенмен, шын мәнінде ол дамуы кенже қалған мемлекеттерге тән құбылыс. Ал, Ресей секілді азуы алты қарыс, бірақ рухани мешеу елдер осыдан 77 жыл бұрынғы жеңісті қайта-қайта айтып, соңғы отыз жылда оңбай ұтылғанын ұмытқысы келетін тәрізді. Осындай әртүрлі көзбояу әдістермен халықты күнделікті өмірлік мәселелерден алдарқата тұруды да көздейтін болса керек. 

 

Ал, қазекемдікі не жыртылыс? 

Мынаған қараңыз: 1941-1945 жылдардағы неміс-кеңес соғысында екі жақтан 60 миллионға таяу бейкүнә пенде опат болды. Бейкүнә деуіміздің өз себебі бар. Мысалы, олардың бір де біреуі анасының құрсағынан кісі өлтіруші қанішер болып туған жоқ. Керек десең олардың көпшілігі кім үшін адам өлтіріп, бұл соғыстың ең басты себебін де білмеді. Көпшілігі сол білмеген бойы қанмайданда жер жастанды. Мыңдаған солдаттардың сүйегі қай жерде қалғаны да белгісіз. Бұл соғыстың себебі мен салдары туралы пікірлер де сан алуан. Бір-біріне қайшы деректер де көп. Біздіңше, аталарымыз негізінен әлемді уысына ұстағысы келетін бір-біріне қырғи-қабақ мемлекеттер басшыларының қарапайым халықтар арасында дұшпандық өртін тұтатып, идеология арқылы өздерін бұл соғысқа алдап-арбап, күштеп айдап салуының кесірінен қантөгіске барды. Сосын қарсы жақтың адамын өзіөлтірмесе, ол өзін өлтіретінін үйренді (бүгінгі Украинаға жасаған «әскери операциясы» кезінде де орыс қолбасшылығы сол ескі әдісті қолдануда). Сондықтан да бұл Жеңіс күнін сол кезде КСРО-мен одақтас болған бірде бір мемлекет атап өтпейді. Ендеше, осының бәрін біле тұра миллиондаған қаржы жұмсап, тайраңдап билеп, думандата беру бізге не береді? Отыз жыл бұрын өтіп кеткен баяғы құлдық күнімізді аңсауды қашан қоямыз? Өзгенің жеңісін ұлықтай беру – қазақтың бүгінгі де, ертеңгі де ұрпағының санасына қаншалықты ауыр салмақ салатынын түсінетін кез жеткен жоқ па?

Қанша жерден тыраштанып, кеуіп-піссек те әскери шеру өткізу – Қазақстанның «мықтылығының» көрсеткіші бола алмайды, кеш те болса соны түсінгенімізге шүкір!

 

Төлұлттық нышандарды қорғау – мемлекеттің  негізгі міндеті

Орыс халқына біздің бес берешек, алты алашағымыз жоқ, бірақ Ресей билігінің қазаққа жасаған қиянаты мен озбырлығын ұмыту мүмкін емес.

Әңгімеміздің тоқ етеріне көшсек, біздіңше Қазақстанда үш жолақты «Георгий лентасын» омырауына тағып, қанішер Сталин мен Берия сияқтылардың портретін төбесіне көтеріп, «Бессмертный полк» шеруіне шығып, халықтың қарғысынан қорықпай, сепаратистік пиғылды насихаттап жүргендерді азаматтығынан айырып, Ресейге депортациялайтын және біраз уақытқа дейін елге кіруге тыйым салатын заң тетіктерін қарастыру керек. Өйткені, «Георгий лентасы» да, «Бессмертный полк» та, Сталин мен Берияның портреті де орыс империясының жай символдары емес, КСРО-ны қалпына келтіруге ұмтылған Ресей басқыншылығының, қоқан-лоқы көрсетуінің белгілері. Оны Қазақстанда насихаттауға, тағып жүруге болмайды. Оны алып жүрген адам арандатушы, соғыс шақырушы болып табылады. Ал, Ресейде оған ешқандай кедергі жоқ, қалағанынша төбесіне көтеруге, сыйынуға, табынуға, құлдық ұруға рұқсат. Жасыратыны жоқ, болашағын Ресеймен байланыстырғысы келетін пиғылы теріс әпербақандар біздің елімізде де аз емес. Олар әлдебір «сигналды» күтіп, іштей тынып дайындалып жүр. Сонымен бірге өзге ұлттың ресейшіл өкілдері де жетіп артылады, арасында «өзіміздің» қазақтар да төбе көрсетіп қалады. Ондай соғыс шақыратын арандатушылармен ат құйрығын біржола үзісу керек.

Бәлкім, Ресей кейін астамшыл тоңмойын райынан қайтып, бейбіт елге айналғанда қайта тіл табысып, достығымызды жалғастырармыз. Ал, қазірше, достықты бұйым құрлы көрмейтін солтүстік көршіміз біздің тәуелсіздігімізді, тәуелсіз елге тән саясатымызды құрметтеуді үйренбеген сәтте бұл елмен достық рәуіште өмір сүру мүмкін емес. 

Тоқсан ауыз сөзді түйіндей айтқанда, біз өзгенің құрмет тұтатын символдық белгілеріне қарсы емеспіз, біз оларды өз мемлекетінен басқа елдерде ұлықтап, насихаттауына қарсымыз. Өйткені, әрбір мемлекеттің өзіне тән белгілері, өз ұстанымдары мен ұлттық идеологиясына сәйкес келетін төл нанымдары бар. Мінеки, сол мемлекеттің бейнесін білдіретін төл ұлттың белгілер мен нанымдар басқа бір елдерге тән белгілердің көлеңкесінде қалып қоймауы тиіс.

 

Болат ЖҰМЫНҰЛЫ
19.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 194
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 188
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 697
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 820
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 733

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8888
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8283
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11511
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9267
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10495