Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда

 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда

Павлодар облысының экономикасы 930 миллион долларға бағаланады. Өңірде алтын зауытын іске қосу нәтижесінде жылына 300 мың тонна алтын концентраты өңделіп, 15 мың тонна алтын шығарылады.

 Бұл туралы облыс әкімі Асайын Байханов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған баспасөз конференциясында мәлімдеді.

– Бұл зауыт көмір жағу арқылы жұмыс істемейді, ауаға түтін шығару қоршаған ортаға қауіп төндірмейді. Зауыт электр қуатымен жұмыс істейтін болады, – деп қосты әкім.

Зауытты халықаралық «Solidcore Resources» компаниясы салады. Кәсіпорын полиметалл зауыттары тобына кіреді.

 

Естеріңізге сала кетейік, келесі жылы Павлодар облысында пластмасса, шыны, металл және қағазды сұрыптайтын өңірдегі бірінші қоқыс сұрыптау зауытын салу жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары сәуір айында басталады.

Облыс әкімі ауызсумен қамту бағытындағы жұмыстарға да тоқталды. Өңірде сумен жабдықтау және су бұру жүйелері қарқынды жүргізіліп жатқанын мәлім етті.  2025 жылға қойылған мақсат – ауылдар мен қалаларды жүз пайыз сумен қамту.  Бұл салада қалаларда жалпы құны 16 миллиард теңгеден асатын 13 жоба, аудандарда бес жоба жүзеге асырылды. 

– Біз қала тұрғындарының сумен жабдықтауға қолжетімділігін 97-ден 98,5 пайызға дейін арттырдық. Ал ауыл тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету көрсеткіші 99,3 пайызға дейін көтерілді. Келесі жылы жүз пайызға қол жеткізуді жоспарлап отырмыз, – деді Асайын Байханов.

Ағымдағы жылы сумен жабдықтау жобалары Павлодар ауданындағы Қаракөл ауылында, Баянауыл ауданының Жалғызқайың, Күркелi және Сәтбаев ауылдарында, Ақтоғай ауданының Барлыбай ауылында, Железин ауданындағы Есқара және Успен ауданының Қаратай ауылдарында жүзеге асырылды. Сондай-ақ әкім жылу желілерінің тозуы 0,8 пайызға төмендегенін айтты. Осындай оң нәтиже Ақсу қаласында көбірек байқалады.

– Облыстың инженерлік инфрақұрылымының әбден тозығы жеткен. Сондықтан бұл мәселені шешу, желілерді жаңарту және энергия көздерін дамыту күнделікті жұмыс болып табылады. Жыл сайынғы жөндеу науқанын үш қаланың тәуелсіз жылу-техникалық аудитінің қорытындысы және жүргізіліп жатқан гидравликалық сынақтар негізінде ұйымдастырдық, – деді әкім.

Ағымдағы жылыту маусымына дайындық үшін 25 миллиард теңгеге жуық қаражатқа 31 шақырымнан астам жылу желілері жөнделді.

Ұзындығы тоғыз шақырым төрт жаңа жылу магистралі және 19,3 шақырым желі жөнделді. Бұл коммуникациялардағы апаттар қаупін азайтуға мүмкіндік берді, бірақ айтарлықтай көлемдегі жөндеулер мен қайта құру жұмыстары әлі де аяқталуы керек.

Әкімнің айтуынша, Павлодар облысында бірінші заманауи қоқыс сұрыптайтын зауыт салынады екен. Кәсіпорында пластмасса, шыны, қағаз және металл сұрыпталады.

– Өнеркәсіптің өсуі өңірдегі экологиялық жағдайға қысым жасайтынын жақсы білеміз, сондықтан өңірді индустрияландыру серпінін сақтай отырып, шығарындыларды кезең-кезеңімен азайту міндетін қойдық, – деді облыс әкімі Асайын Байханов.

Жоба инвесторы барлық қажетті жұмыстарын жүргізді, яғни жобалау-сметалық құжаттама дайындады. «Жасыл даму» операторынан оң сараптама алынып, қаржыландыру бойынша «Бәйтерек» холдингімен алдын ала мақұлданды.

Зауыт құрылысы сәуір айында басталады деп жоспарлануда. Кәсіпорын келесі жылдың соңына дейін іске қосылады. Сондай-ақ, аймақтағы барлық жұмыс істеп тұрған ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда кешенді экологиялық шешімдерді енгізу арқылы жаңадан салынып жатқан немесе салынуы жоспарланған зауыттарда ең соңғы ecofriendly технологияларды қолдану талап етіледі.

Мұндай кешенді экологиялық шешімдер қазірдің өзінде ERG тобындағы төрт ірі кәсіпорында енгізілді, бұл шығарындыларды 50 мың тоннаға немесе 57 пайызға жүйелі түрде азайтуға мүмкіндік береді. Аталған технологияның құны – 178 миллиард теңге.

2025-2027 жылдар аралығында мұндай шаралар Павлодар мұнай-химия зауытында, облыстағы үш жылу электр станциясында, Екібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2-де енгізілмек.

Баспасөз мәслихатында облыс басшысы басқа да өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін, атқарылған ірі жобалар туралы толық баяндап берді.

Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы
28.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 28
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 59
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 50
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 23
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 55
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 59
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 55
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 52
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 58
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 48
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 56
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 54
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 281

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9291
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8686
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11914
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9688
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10895