Астанадағы «Қазмедиа» орталығында «Біз Қазақстан Республикасында ЛГБТ-ны ашық және жасырын түрде насихаттауға қарсымыз!» петициясы бойынша шешім жобасына жария талқылау өтті. ЛГБТ насихатына қарсы петицияны жария талқылауда Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Парламент депутаттарының пікірін жеткізді. «Әр ұлттың моральдық, этикалық заңы болады. Қазақстанның діні, тілі, ділі бар. Сондықтан осы петиция басталғалы Парламент депутаттары оны толық қолдайтынын жариялады. Бірнеше депутат жұмыс тобына мүше болып кірдік. ЛГБТ мәселесін жан-жақты зерттеуіміз керек. Құқықтық жағын да қарауымыз керек. «Адам құқығын шектейді» деп жатыр. Белден төмен нәрсені адам құқығына тіркемеу керек», – деді ол. Сондай-ақ депутат ішкі дүниеге сырттан ешкім араласпау керегін, «өз үйіміздегі заңдарды, ұстанымдарды өзіміз шешуіміз» керегін айтты. Елдің ішінде алауыздық тудырмауға шақырды. Комиссия жобаның шешімін жариялады. «Біз петицияны толық қолдаймыз. Әркім өз үйінде немен айналысады, өзі біледі. Бірақ оны қоғамға шығарып, жат нәрсені жұртшылыққа шығару – қате нәрсе. Сондықтан петицияны біз толық қолдаймыз», – деді Еділ Жаңбыршин.