Пилоттық жобаның шапағатын көрген ауыл

Пилоттық жобаның  шапағатын көрген ауыл

Жақында Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов бейнеконференция байланысы режімінде Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен кеңесінде ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың аралық қорытындысы туралы баяндағаны белгілі. Онда өңір басшысы аталған жобаның бес бағыты туралы айта келіп, оның оң нәтижесіне тоқталған еді. Ауыл тұрғындарының табысын арттыруға арналған жобаның өңірдің дамуы үшін маңызы зор болғанын да атап өтті.

«Облыс тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасының шапағатын алдымен ауданымыздағы Түймекент, Қостөбе ауылдық округтеріне қарасты тұрғындар көрген еді. Енді олардың қатарына өткен жылдың күзінен бастап Үлгілі ауылдық  округі қосылды.

– Округтегі 512 отбасында 3222 адам тұрады. Кейінгі жылдары ауылға сырттан көшіп келушілер көбейіп, халық саны еселеп артуда. Мәселен, өткен жылы 54 отбасы көшіп келсе, халық 329 азаматпен толықты.

Пилоттық жоба бойынша жалпы сомасы 500 млн теңгеден астам қаржыға сұраныс берілген. Соның ішіндегі 121 тұрғын «Тараз әлеуметтік әріптестік корпорациясы» арқылы 2,5 пайызбен несие алуға өтінім беріп, есепті кезеңде 93 азамат 367,160 миллион теңге несие алды. Солардың ішіндегі 73 азамат 120 бас МІҚ, 322 бас жылқы және 1360 бас қой-ешкі алуға қол жеткізді. Тұрғындардың өз кәсібін ашуға, кеңейтуге арналған шағын жобаларды қаржыландыру бағыты  бойыша 3 азамат өз кәсіптерін ашуға 11,5 млн теңге несие алды.

Округте 4 кооператив жұмыс істесе, солардың ішіндегі 2017 жылы құрылған Әсілбек Мейірханов жетекшілік ететін «Ақылжан – 2017» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жұмысы мақтауға тұрарлық. Бүгінде кооперативке 106 адам мүше болып отыр. Кооператив 264,0 га суармалы, 416 га тәлімдік жерімен жобаға қатысуда. Олар құны 91 млн теңге болатын 12 ауыл шаруашылығы техникасын алуға сұраныс берген. Нәтижесінде 2 трактор, 1 пресс машинасы, 2 тіркеме, 2 соқа, 800 литрлік ілмелі бүркегіш пен тұқым сепкіш және диск тырмасын алды. Енді аз күнде құны 45 млн теңге тұратын астық комбайны келеді деп күтілуде.

Кооператив мүшелері 200 га жерге арпа, 100 га жерге бидай егіп, 50 га жерге мақсары егуге дайындық жұмыстарын жасап қойды, – дейді округ әкімі Омарғали Ибрагимов.

Иә, халықтың жағдайын жақсартуға байланысты округ бойынша аталған жоба аясында сұралған сұраныстар толығымен жүзеге аспағанымен, барды қанағат тұтып, алған қаржыларын өз игіліктеріне дұрыс  жұмсап жатқандар аз емес. Олар бар болғаны 3-4 айдың көлемінде біршама жұмыстар атқарып, оның нәтижесін көруге бір табан жақындай түскен.

Біз округтегі жеңілдікпен несие алып, бүгінде өз жұмыстарын дөңгелетіп отырған біраз шаруалардың тіршілігімен танысқан едік. Солардың бірі  Мақсатбек Акишев мемлекеттен 4,8 млн теңге несие алып, өз ауласында жылыжай соққан. Үш сотық жерге орналастырылған жылыжайда барлық жағдай жасалған. Онда қызанақ, қияр, қарбыз егілген. Енді аз күнде лимон егілмек. Өз ісіне тиянақты Мақсатбек жылыжаймен тоқтап қалмай, ауыл сыртындағы 2 га суармалы егістікке өзі дайындаған қарбыз көшеттерін отырғызуда. Оған інісі Асылбек пен жолдасы Бақыткүл көмектесуде. Олар қыс бойы дайындаған қызанақ көшеттерін түгелдей сатып үлгерді. 

Мемлекеттен 2,7 млн теңге несие алған ұста Әмірбек Төлепов ауыл шаруашылығы техникаларына қосалқы бөлшектер жасаумен айналысуда. Ауылдың  күнбатыс жағындағы ұзындығы 50, ені 5 метр болатын үлкен цех ішінде қызу еңбек қайнаған. Бес азаматты жұмысқа тартқан кәсіпкер жігіт төрт корпусты соқа, тырма, грейдер, жазық кескіш, бетон араластырғыш, мала, канал тазалағыш (арычник) скрепер, қопсытқыш, су  бүріккіш, қызылша егетін, жинайтын, ұсақтағыш техникаларды өздері құрастырып, жинайды екен.

– Әмірбектің әкесі Өтеп қария жастайынан ұста болған кісі. Енді міне, баласы әке жолын жалғастырып отыр. Оның дайындаған ауыл шаруашылығы техникаларының сапасы өте жоғары. Сондықтан сұраныс та көп, – дейді біздің қасымызда болған округ әкімінің бас маманы Күлзираш Мелдебекова. 

Жеке кәсіпкер Ләйла Бесбаеваның «Мөлдір» тігін цехын ашып, өз бала-шағасымен көрпе, көрпеше, қазақи нақыштағы бұйымдар жасаумен айналысып келе жатқанына бірнеше жыл болды. Ләйла өз цехын ұлғайтып, халыққа қызмет көрсету мақсатында 3,3 млн теңге несие алып, жұмыс істеуде. Оның тіккен бұйымдары көздің жауын алғандықтан, оған сұраныс та жоғары. Алдағы уақытта тігінші өз кәсібін кеңейтіп, бірнеше адамды жұмысқа тартуды жоспарлап отыр.

Жеке кәсіпкер Мұхатаев Ғалымжан да жақсы істі қолға алған. Жұмыртқа бағасының шамадан тыс көтерілуі Ғалымжанды көп ойға қалдырды. Содан соң ол барлық құжаттарын дайындап,  мемлекеттен 6,1 млн теңге несие алып, тауық өсірумен айналысуды қолға алды. Ол үшін алдымен барлық дайындық жұмыстарын жасаған жігерлі жігіт осы аптада алғашқы жұмыртқаларын инкубаторға салуды жоспарлап отыр.

– Алдымен тауық өсіретін 2 бөлмелі үлкен жай салдым. Содан соң 1056 жұмыртқа салынатын 3 инкубатор сатып алып, орнаттым. Одан кейін әрқайсысы 200 балапандық бес тәуліктік балапан тұратын арнайы шкафты алдым. Ал 1500 тауықтық орын бөлек дайындалып қойылды. Олардың барлық жағдайлары жасалған. Жалпы айтқанда, дайындық жұмыстары 80-90 пайызға орындалды деуге болады. Жұмыссыз бос жүргенімде мемлекеттен аз пайызбен қаржы беріп, кәсіп ашуыма көмектесіп отырғандары үшін аудан, облыс басшыларына алғыс айтамын, – дейді жас кәсіпкер.

Пилоттық жоба бойынша ауылда мал сатып алғандар да аз емес. Алайда олар негізінен малдарын күн жылынып, жерге көк шыққаннан бастап сыртқа алып кеткен. Ауыл  маңында жайылымдық жер жоқтың қасы. Сондықтан да ауыл азаматтары малдары үшін «Сарыөзек» кооперативінің Көделідегі 680 гектар жайылымдығын пайдалануда. Кооператив жетекшісі Шайахмет Ибраймов онда ауылдастарының малы үшін қора соғып, суатын сайлап, басқа да жағдайларын жасап беруде.

Үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану бағыты бойынша 403 аула үй іргесіндегі 63 гектар жерге көкөніс бақша, көпжылдық екпелер, дәнді дақылдар егу жұмыстарын қызу жүргізуде. «Ақылжан – 2017» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі тұрғындардың жерлерін жыртып, тырмалап беруге көмектесуде. Су жүретін арық-атыздарды тазалау жұмыстары де ерте қолға алынған. Бұл жұмыстар ауылдық округ әкімшілігі қызметкерлері назарында.

Міне, осылайша еңбек етуге қашанда құлшынып тұратын үлгілілік азаматтар облыс көлемінде тұрғындардың табысын арттыруға мол мүмкіндік жасап отырған пилоттық жобаның шапағатын көре бастады. Аталған жобаның арқасында ауылдағы жұмыссыздық жағдайы да біршама төмендегенін айта кеткен жөн. Ал басты мақсат халықтың жағдайын жақсарту болып отыр.

О. Ибрагимов, Үлгілі ауылдық округінің әкімі Суреттерді түсірген – автор
09.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 62
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 102
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 103
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 33
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 62
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 211
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 217
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 431
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 395

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9087
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8485
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11713
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9479
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10694