Полицейлер цифрлы жүйені дамытып жатыр

Полицейлер цифрлы жүйені дамытып жатыр

Елімізде жыл өткен сайын Цифрландыру жұмысын онан ары тереңдету мәселесі әрбір сала бойынша қарқынды жүргізіліп жатыр. Солардың қатарында қазір Ішкі істер саласының қызметін цифрландыру бағыты бойынша жұмыс қарқынды жүргізіліп жатқандығын байқап отырмыз. Бұған мысалдар жетерлік. Солардың қатарында жақында ғана ҚР Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен «Digital Police Day: «Заң мен Тәртіпті» цифрлық шешімдер арқылы қамтамасыз ету» атты форум болып өткені есімізде. Бұл туралы газетімізде арнайы материал да дайындаған едік. Сол форумда ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сынды ауқымды жұмысты цифрландыру төңірегіндегі жобалар талқыланып, алдағы жоспарлар мен ынтымақтастық туралы мәселелер ортаға салынған еді. Бұл форумға IT-компаниялардың басшылары да қатысты. Республикалық деңгейде өткен сол форумнан кейін қазіргі таңда жергілікті орындардағы Ішкі істер мекемелері де өз жұмыстарын пысықтап, заманға сай жабдықтарын сайлап жатыр. 

Елорда тұрғындарының амандығын, алаңсыз тіршілігін кірпік қақпай қадағалап отырған полиция департаменті қызметкерлерінің жұмыстары да оңай емес. Дегенмен соңғы үлгідегі технологияларды кеңінен пайдалана отырып, бақылау мен басқаруды күшейтудің арқасында бас қаламызда қылмыстық істердің мөлшері азайып келе жатыр. Бұл азаматтардың өмірін қамтамасыз етіп, қоғам орнықтылығын сақтауда ерекше маңызға ие екені белгілі.

Кеше Астана қаласының Полиция департаментіне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов пен қалалық полиция басшысы, полиция генерал-майоры Марат Төлебаевтің қатысуымен цифрлық жобаларды іске асыру бойынша кеңес өтті. Бұл туралы Астана қаласының Полиция департаментінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланды.

«Кеңес барысында елордалық полицейлер «Тұтасбейнебақылау», «ІІО бейнебақылау жүйесін жаңғырту», «Цифрлық полицей», «Электрондық планшеттермен жарақтандыру», «Е-УД, қысқаша хаттама», «SOS» дабыл түймелері, «Көп арналы жүйе» цифрлық жобалары бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды. Кеңес отырысы бойынша Астана қаласының полиция департаментінде цифрландыруды жетілдіруге бағытталған іс-шаралар кешені белгіленді», – делінген ақпаратта.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев полицияның күнделікті қызметінде заманауи технологияларды кеңінен қолдану туралы нақты міндеттер жүктеген еді. Президент тапсырмасы негізінде елімізде ішкі істер органдарында цифрлық трансформация жұмысы сәтті жүргізілді. Қазір қалалар мен елді мекендерде көше бойларына бақылау камералары орнатылған. Бұдан сырт қоғамдық орындар да бейнебақылау жүйесімен қамтылған. Мектеп, балабақша секілді маңызды нысандар бүкілдей бейнебақылау жүйесіне көшіріліп болды. Бұдан сырт дабыл түймелері, өрт қауіпсіздік жүйесі де кемелденіп келеді. Осындай атқарылған жұмыстардың арқасында 2023 жылы  полицияның жедел басқару орталықтарындағы (ЖБО) бейнекамералардың көмегімен 6 мыңнан астам қылмыс ашылыпты. 2,7 миллионнан астам жол ережесін бұзу, сондай-ақ 400 000-ға тарта өзге де әкімшілік құқық бұзушылық анықталыпты. Бұл өз кезегінде қылмыстық істер көрсеткішінің айтарлықтай азаюына әсер еткен дейді құзырлы мекеме өкілдері. 

 

04.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 113
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 165
 ОТЫРАРЛЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРҒА ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 36
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 116
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 112
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 165
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 215
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 219
Жарқын жобаның жемісті жалғасы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 206
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 216
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 220
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 216

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11323
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10257
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13503
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12457
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17465