Президент Қ.Тоқаев: Бұл – нағыз көзбояушылық!

Президент Қ.Тоқаев: Бұл – нағыз көзбояушылық!

Елдің бүгінгі тұрмыс-тіршілігі Ақордаға да жеткен тәрізді. Ел Президенті: «1 миллионға жуық адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді», – деді Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

«Жұмыс берушілердің пайдасымен және нарықтағы бағаның көлемімен салыстырғанда еңбекақы әлдеқайда баяу өсуде. Соның салдарынан қарызға батқан азаматтар мен кедейлер көбейіп барады. Бүгінгі таңда 1 миллионға жуық адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді. Бұл – соңғы он жылдағы ең нашар көрсеткіш. Сөйте тұра орташа жалақы мен жан басына шаққандағы табыс көлемі ұдайы өсіп келеді деген көпірме есеп берілуде. Бұл – нағыз көзбояушылық!»,  – деді Қ.Тоқаев.

Бауыржан Қарағызұлы, ақын: «Үкіметтің бүгінгі кеңейтілген отырысында біраз дүние айтылған екен. Енді сөзден іс-әрекетке көшсек, күлбілте күніміз кішкене көрім болып қалатын сияқты. Менің көңіліме үміт ұялатқан мыналар: біріншіден, утильсбор алымы төмендетілетіні. Төмендетілген утилалымнан түскен қаржы тек мемлекеттің қоржынына түсетіні. Бұл да бір жеңіс. Екіншіден, газ бағасы 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін өспейтіні. Бұның өзі қара халыққа үлкен демеу. Үшіншіден, жеңілдетілген несиемен автокөлік сатып алуы үшін бюджеттен 100 млрд теңге бөлінетіні. Осы бөлінген қаржы қалай жүзеге асады екен? Сол қызық. Ел қашанғы ескі-құсқы көлік мінеді? Дұрыс. Төртіншіден, 700 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын ашу көзделуде деп отыр. Ол қандай жұмыс орындары? Осы бағытта қарапайым кәсіпкерлерге түсінікті тілмен, қазақша түсіндірме жұмысы жүргізілсе деймін. Бесіншіден, 1 миллионға жуық азаматтың табысы, күнкөріс деңгейінен төмен екенін айтты. Одан көп болмаса, аз емес. Айлығы несиеден аспай жүрген қаншама адам бар. Алдағы уақытта Үкімет елдің табысын арттыру бағытында нақты шешімдер қабылдайтынын батыл айтып отыр. Көреміз. Сенеміз. Ел талабы ақырындап реттеліп келе жатқан сыңайлы».

 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
10.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 57
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 31
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 23
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 166
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 171
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 387
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 352
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 969

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9047
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8443
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11670
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9434
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10651