Путин отбасын Алтайға көшірді

Путин отбасын Алтайға көшірді

 

Ресей мен Украина арасындағы соғыс шиеленісіп жатқандықтан, Ресей президенті Владимир Путин стратегиялық ядролық күштерге ең жоғары дайындық деңгейіне кіруге бұйрық беріп, әлемді ядролық соғыс қаупімен алаңдатып отыр. 61 жастағы ресейлік профессор және саясаттанушы Валерий Соловей «Путин ядролық соғыс қаупінен құтылу үшін отбасын Сібірдегі «жер асты қаласына» көшіргенін айтты»,- деп жазады британиялық Daily Mail басылымы.

Хабарда Соловейдың Путиннің отбасының демалыс күндері ядролық соғысқа дайындалған арнайы бункерге эвакуацияланғанын, жер асты бункерінің Ресей Федерациясының Алтай республикасының тауларында орналасқанын айтқан видео жариялағаны атап өтілді. Тек бункер, бірақ соңғы технологиямен жабдықталған жерасты қаласы».  «Президент отбасын осы бункерге жіберу арқылы нені меңзеп отыр? Мұның салдарын түсінесіз деп үміттенемін», - деп ескертті Соловей.

Таратылған ақпаратта Соловейдің Кремльде қызмет істейтін адамдармен тығыз байланысы бар делінген. Ол айтып отырған ядролық бункер шамамен он жыл бұрын Алтай республикасының тауларында энергетикалық алпауыт Газпром салған саяжай үйі болса керек. Бұл аймақ Сібірдің Моңғолиямен, Қытаймен және Қазақстанмен шектесетін жері.

Бақылаушылар вилланың айналасында бірнеше желдету нүктелері, сондай-ақ шағын қаланы қуаттандыруға жеткілікті ультра заманауи 110 киловольттық қосалқы станциямен байланыстыратын жоғары кернеулі сымдар бар екенін атап өтті.

Соловей бункерге апарылған Путиннің отбасында кімдердің бар екендігін ашып айтпаған. Дегенмен ол бұған дейін Олимпияда чемпионы 38 жастағы гимнастшы Алина Кабаеваның Путинмен байланысы бар екендігін мәлімдеп, оны «Путиндікі» деп атаған екен...

Путин отбасы туралы деректерде оның екі қызы туралы айтылады. Үлкен қызы Мария Воронцова, 36 жаста, генетик, ал екінші қызы Катерина Тихонова, 35 жаста, математик, биші болды.  Тағы бір деректерде биыл 18 жасқа толған Луиза Розова деген некесіз қызы бар делінген.

«Qazaqstan dauiri» ақпарат
02.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 97
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 617
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 735
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 647
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 656

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8791
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8192
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11419
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9173
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10404