Қала бюджеті артып отыр

 Қала бюджеті артып отыр

Шымкент қаласының бюджеті 779 млрд теңгені құрады. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 123 млрд теңгеге көп. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен көшпелі есеп беру кездесуінде осылай деп мәлімдеген Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мегаполисте өнеркәсіптің де өркен жайып келе жатқанын атап өтті. «Президент Қазақстан халқына Жолдауында өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемін 1,5 есе және еңбек өнімділігін арттыру міндетін қойды. Осы бағытта биыл 16 жобаның 12-сі іске асырылды. Олардың жалпы құны – 78,2 млрд теңге. 67,1 млрд теңге инвестиция тартылып, 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Атап айтқанда, «Coca-Cola İçecek (CCI)» зауыты іске қосылып, 100 тұрақты жұмыс орны құрылды, сондай-ақ «Wan Sheng Ceramic» керамикалық плиталар шығаратын кәсіпорын ашылып, 350 адам жұмыспен қамтылды», – деді Ғ. Сыздықбеков.

Саланы дамыту жолында жалпы аумағы 438 гектарды алатын екі – «Жұлдыз» және «Бозарық» жаңа индустриялық аймақ іске қосылған.

Айтпақшы, бүгінде қала тұрғындарының 42 пайызы бұқаралық спортпен айналысады. Шымкент спортшылары Қазақстан, Азия және әлем чемпионаттарына қатысып, биыл жалпы 768 алтын, 642 күміс және 724 қола медаль жеңіп алды.

Шымкентте денсаулық сақтау саласында да оң өзгерістер бар. Қазіргі уақытта медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасының жаңарту деңгейі 86,5 пайызды құрайды. Биыл 46 дәрігер Ресей мен Түркия клиникаларында біліктілігін арттырды, жыл соңына дейін тағы 29 дәрігер біліктілігін жетілдіреді. Алғаш рет балалар ауруханасы мен перинаталдық орталықта госпитальдық фармация бөлімшелері ашылды. Жыл соңына дейін тағы бес осындай бөлімше, сондай-ақ балалар кардиохирургиялық орталығы ашылады. «Жедел жәрдем» қызметінің сапасын арттыру мақсатында 23 арнайы көлік сатып алынған.

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Шымкентте 18 мектеп салу жоспарланған. Қазіргі уақытта олардың ішінде 3200 орынға арналған

 2 мектеп іске қосылды.

– Білім инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен 3 мектептің құрылысына 7,9 млрд теңге бөлінді, ал инвесторлар қаражаты есебінен 5 мектеп пайдалануға берілді, оларда 2800 орын бар. Ел Президентінің тапсырмасы бойынша Тұран шағын ауданында 500 орындық «Оқушылар сарайы» салынып жатыр, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары 80 пайызға аяқталды. Сонымен қатар, жастардың сапалы білім алуына жағдай жасау мақсатында жергілікті бюджеттен 285 грант бөлінді. Бұған қоса, технологиялық кәсіпкерлікті насихаттау және технологиялық стартаптарды құру мақсатында өңірлік IT-орталық «Shymkent HUB» іске қосылды, – деді Ғ. Сыздықбеков.

Қала әкімі сондай-ақ мәдениет саласындағы жұмыстарға да тоқталды. Биыл Шымкентте 2066 орындық көпфункционалды Конгресс-холл пайдалануға берілді, мұнда халықаралық деңгейдегі мәдени іс-шаралар өткізіледі. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен төрт шағын ауданда жаңа «Мәдениет үйлері» ашылды. Мегаполис тұрғындарының мәдениетке деген қызығушылығын арттыру және мәдени өмірді жандандыру үшін саябақтарда және Мәдениет үйлерінде «Шымқала кештері» іс-шаралары ұйымдастырылуда.

Айта кету керек, қала әкімі есеп берген Орталық коммуникациялар қызметінде өткен көшпелі есеп беру кездесуіне еліміздегі көптеген масс-медиа өкілдері қатысты. 

Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы
28.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 28
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 58
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 49
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 23
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 53
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 58
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 53
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 50
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 58
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 48
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 55
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 54
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 281

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9291
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8686
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11914
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9687
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10894