Қала мен үш ауданда төтенше жағдай жарияланды

Қала мен үш ауданда төтенше жағдай жарияланды

Көктем келгелі Батыс Қазақстанда еріген қар суының өзі халықты әбігерге салғаны туралы ресми ақпарат көздері мен әлеуметтік желілерде жариялануда. Қауіп әлі де сейілмей, су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда.

Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі берген соңғы мәліметке сүйенсек, өңірде жалпы 40 тұрғын үй (Бөрлі және Теректі аудандарында) су астында қалған. 

 Алдын ала 232 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланса, бүгінде 26-сы үйлеріне қайта оралыпты. Сонымен қатар 300-дей ауылшаруашылық  жануары мен үй құсы да судан құтқарылған. 

 Алты облыстық және төрт жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының 10 учаскелік бөлігі суға толып,11 учаскеде жол төсемін су шайып кеткен. Облыстың Шыңғырлау және Қаратөбе аудандарындағы 12 елді мекенге көлік қатынаса алмайтын жағдайға жеткен. 

Су тасқыны бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге төтеншеліктермен бірге ішкі істер (Ұлттық ұланның сарбаздары да бар) және қорғаныс салаларының, жергілікті атқарушы органның қызметкерлерінен құралған 991 адам тартылған. Бұл жұмыстарға су айдау (116 бірлік) және жүзу (10 бірлік) құралдары пайдаланылуда. 

Жалпы 321474,5 (тәулігіне — 28153) текше метр су сорылып, суды бөгеу үшін

 қапшықтар (24060 дана) төселген.

Осындай жағдайларға орай облыс орталығы —Орал қаласының және Шыңғырлау, Бөрлі, Бәйтерек аудандары әкімдерінің шешімімен жергілікті масштабтағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланып отыр.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы
15.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 33
СУ ҮНЕМДЕУ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 62
СҮТ ӨНДІРІСІ АРТАДЫ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 60
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 18.03.2023 172

Топ жаңалықтар

1
Сайлаудың алдын ала қорытындысы
Show more
Рауан МУТАИР - 2023-03-20 92
2
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді
Show more
Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ - 2023-03-19 167
3
Онлайн марафон дәстүрге айналып келеді
Show more
Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ - 2023-03-19 164
4
Алда еліміздің болашағы үшін ең бір маңызды іс - сайлау!
Show more
Аятжан Ахметжанұлының ФБ парақшасынан - 2023-03-18 173
5
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Show more
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 2023-03-18 172