Қаңтар оқиғасына қатысқан кімдерге рақымшылық жасалады?

Қаңтар оқиғасына қатысқан кімдерге рақымшылық жасалады?

Мәжіліс Қаңтар оқиғасы кезінде қолға түскендерге рақымшылық жариялау туралы заңды қабылдады. Енді жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушылардың біразының үстінен қозғалған қылмыстық істер тоқтатылады. «Ұсақ және орташа қылмыстары» үшін сотталғандар босатылып, жазасын өтеп үлгергендер болса, олар «сотталды» деген қара таңбадан біржола құтылмақ. Жөн-ақ!

Отандық саясаткерлер: «Ақорданың рахымшылық жариялауы – асыра сілтеушілікті, кеткен қателікті ішінара мойындау. Мұның өзі – үлкен ерлік! Қаңтар қырғыны Қазақстанның отыз жылдық тәуелсіздігіндегі ең ірі, ең жұмбақ оқиға ретінде тарихта қалатыны анық. Мұның себеп-салдары туралы түрлі нұсқалар айтылып жатыр. Десе де: «Оны ұйымдастырған кім?» – деген сауалдың жауабы күннен-күнге сиырқұйымшақтанып барады. Оған берілер баға да әртүрлі. Ол күйлілерді шошытса, күйсіздердің көңіліне үміт ұялатты. Шындығына келсек, Қаңтар оқиғасының басты себебі елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал екені сөзсіз. Осыны пайдаланып, «сақалдылар мен ұрда-жықтарды» алға салған жымысқы топ діттегеніне жетуге шақ қалғаны жасырын емес. Шынтуайтында, көпшілік қымбатшылыққа қарсы үн қатпақ болды. Оларды азғырған, сыңаржақ баспасөз айтып жатқандай, Мәсімов пен Сатыбалды емес, Мәскеу мен Вашингтон да емес, қымбатшылық пен жоқшылық еді. Осы тұрғыдан алғанда, Қаңтар оқиғасы дала өртін еске түсіреді. Аптапта қурап, қаудырап тұрған шөпке – шылымның тұқылы да, шишаның сынығы да сылтау. Қазақстанның жаңа билігі далада жүрген шылымқорлардың бірін құрықтап, екіншісін шен-шекпеннен айырып шеттеткенмен, шөлден қаталап тұрған даланың қураған шөбін әлі де байқамаған сыңай танытып келеді. Турасын айтқанда, әлеуметтік-экономикалық ахуалға жан бітіру, қымбатшылықты ауыздықтау әзірге «алынбас қамал» болып отыр. 20 қарашадан кейінгі Тоқаевтың қолға алатын басты шаруасы осы болуы тиіс. Бұл – әлеуметтік сілкіністердің алдын алудың жалғыз жолы», – деген пікірде.

Ермек САХАРИЕВ
29.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 127
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 124
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 127
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 319
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 312
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 935

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9008
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8403
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11629
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9386
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10613