Қарағанды облысында экономика өсіміжалғасуда. Өңдеу өнеркәсібінде оң динамика байқалуда, онда жыл басынан бері өсім шамамен6%-ды құрады.
Аппараттық кеңесте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары шығарылды.
– Биылғы жеті айда экономиканың нақтысекторының барлық базалық салаларында өсімқамтамасыз етілді: өнеркәсіпте – 1,6 %, ауылшаруашылығында – 0,9 %, құрылыста – 0,3 %. Ішкісауда көлемі 3,5%- ға, көлік саласындағықызметтер 2,8%-ға өсті, – деп баяндады экономика басқармасының басшысы Татьяна Аблаева.
Есептік деректер бойынша, өнеркәсіптіккәсіпорындар 2,2 трлн теңгенің өнімін шығарды. Өңдеу өнеркәсібінде тазартылған алтын мен күмістің, тазартылған мыс өндірісі артты.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар320,2 млрд теңгені құрады. Жыл соңына дейін екімыңға жуық жұмыс орнын ашатын 11 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда.
Жеті айда облыста 254,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді – 2021 жылдыңсәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,1%-ға артық.
Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 8,7 % өсіммен 84,5 мың бірлікке жетті.
Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек оң динамиканысақтау және барлық жоспарланған көрсеткіштергеқол жеткізу бойынша тапсырмалар берді.