Қарағанды облысында «Тіл – қазына» жобасы басталды

Қарағанды облысында «Тіл – қазына» жобасы басталды

Қарағанды облысында мемлекеттік тілдіңмәртебесін арттырып, қолдану аясын кеңейтугебағытталған "Тіл – қазына" жобасы бастау алды. Бұл жобаның іс-шаралары биылғы қарашаға дейінесептелген.

– Жобаны іске асыру үш бағыт бойыншакөзделген: біздің облыстың он бір өңірінде тілсаласындағы өзекті мәселелерді анықтау, екіншібағыт әлеуметтік желілермен, қазақ контентіндамытумен байланысты және үшінші бағыт – отбасылық байқау өткізу. Мұның барлығымемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, оны қолдану аясын кеңейтуге бағытталған, – дейдіҚарағанды облысы тілдерді дамытубасқармасының басшысы ГүлнарайымҚаңтарбекова.

Тілдерді дамыту басқармасы "Тіл – қазына" жобасын "Қазақ тілі" халықаралық қоғамыменбірлесіп жүзеге асырады.

– "Қазақ тілі" халықаралық қоғамыныңҚарағанды облыстық филиалы жанынан аймақтықфилиалдар құрылды. Жұмыстар барлық өңірлердежүргізілетін болады. Біздің жоба тиімді болады депүміттенеміз. Жыл соңында қорытынды жасаймыз, – деді "Қазақ тілі" халықаралық қоғамыныңҚарағанды облыстық филиалының төрағасы БекзатАлтынбеков.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобааясында жүзеге асырылатын іс-шараларға көшпелісеминар-тренингтер, әлеуметтік желілерде "Қазақтілі 24/7" контентін қалыптастыру және облыстық"Үлгілі отбасы" байқауы кіреді.

Бірінші семинар-тренинг 17 тамызда Шетауданында өтеді. Ол облыстың 11 өңіріндеөткізіледі.

– Біз осындай семинар-тренингті 2019 жылыөткіздік. Онда тіл туралы заңға енгізілгенөзгерістер туралы айтып, жергілікті тұрғындарменжәне кәсіпкерлермен кездесеміз. Екінші бағытбойынша IT және ғылым саласында қазақ тілініңдамуын көрсететін сайттар бар, біз олар туралыайтып береміз. Сондай-ақ өзге ұлт өкілдерініңбалалары мен жастарының қатысуымен "Қазақшаңқалай, балақай?" бейнероликтер түсіреміз. Жобаның үшінші бағыты – облыстық "Үлгіліотбасы" байқауы қазан айында жүзеге асырылады. Оған 11 отбасылық команда қатысады. Байқаушарттары қыркүйек айында жарияланады, – дептүсіндірді "Qazlingva" орталығының жобаүйлестірушісі, директоры Гүлназ Мұстағұлова.

 

                                                        

Жомарт Шаймұрат
10.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28049
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27531
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44908
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40561
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45216