Жаңа оқу жылы қарсаңында Қарағандыоблысының қалалары мен аудандарында мектепжәрмеңкелері ұйымдастырылады. Өз өнімдерінотандық өндірушілер ұсынады. Киімдер төменбағамен сатылады.
Бұл туралы білім басқармасының басшысыГүлсім Қожахметова аппараттық кеңесте мәлімдеді.
– Көп балалы және аз қамтылған отбасыларданшыққан балаларға көмек көрсету үшін 1 тамызданбастап дәстүрлі "Мектепке жол" акциясы басталды. Бүгінгі таңда әлеуметтік қолдауға мұқтаж 760 оқушыға көмек көрсетілді. Акция барысындарейдтер өткізу, заттарды, мектеп керек-жарақтарынқабылдау пункттерін ашу жоспарлануда. Әлеуметтік желілерде және білім бөлімдерініңсайттарында көмекке мұқтаж жандарға арналғантелефон нөмірлері орналастырылған. Соныменқатар, мектеп тауарларын төмен бағамен сату үшінжергілікті кәсіпкерлердің қатысуымен жәрмеңкелерөткізіледі, – деді ведомство басшысы.
Қарағандыда мұндай жәрмеңке 20–21 тамыздаGlobal City сауда үйінде өтеді деп жоспарлануда. Сату-көрме өңірлік кәсіпкерлер палатасыменбірлесіп ұйымдастырылады.
Осындай мектеп жәрмеңкелері барлық қалалармен аудандарда өтеді.
Басқарма басшысының ақпараты бойынша, "Жаппай оқыту" қоры есебінен әлеуметтік осалотбасылардан шыққан 15 мың оқушы қаржылайқолдау алады. Ата-аналарға немесе қамқоршыларғакарт-шоттарға 37 389 теңге мөлшеріндегі сома аударылады. Бұл ақша мектеп формасы мен кеңсекерек-жарақтарын сатып алуға арналған.
Гүлсім Қожахметова жаңа оқу жылынадайындық туралы толығырақ баяндады.
Оның айтуынша, облыстың 406 мектебінде 170 мыңға жуық бала оқитын болады. Бірінші сыныпқа17 мыңға жуық бала барады.
Биыл өңірде Саран қаласындағы зауытташығарылатын 27 жаңа мектеп автобусын сатып алужоспарлануда.
1 маусымнан бастап Indigo24.kz ақпараттықжүйесі арқылы балабақшаларға қабылдаужүргізілуде. Қазіргі уақытта 12,5 мың бала қабылданды.
Колледждерге 10 534 өтініш қабылданды, оныңішінде бюджеттік негізге – 5726.
Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек барлық дайындықшараларын аяқтау жөнінде тапсырма берді. Білімберу ұйымдарының барлық жөндеулерінмерзімінде аяқтап, 25 тамызға дейін оқулықтардыжеткізуді толық қамтамасыз ету қажет. 15 қыркүйекке дейін жаңа жылыту маусымынақажетті көмір қоры қалыптастырылуы тиіс.