Қарағандыда «Қарашада өмір тұр» атты арқа қаламгерлері мен өнерпаздарының қатысуымен поэзия кеші өтті

Қарағандыда «Қарашада өмір тұр» атты арқа қаламгерлері мен өнерпаздарының қатысуымен поэзия кеші өтті

Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының «Жаңа Майқұдық» мәдениет үйінде Республика күні мерекесінің аясында «Қарашада өмір тұр»атты арқа қаламгерлері мен өнерпаздарының қатысуымен поэзия кеші өтті.

Поэзия кешін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әліқұлов Ербол Шымкентбайұлы құттықтау сөзімен ашып берді.

Жыр кешін парасатты поэзиямен бастап бергенардақты ағамыз Алаштың айбоз ақыны, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Серік Ақсұңқарұлы рухты жырын төксе, Қарағанды әдебиетінің тоқсаныншы жылдардағы алтын-көпірі және сол буынның өкілдеріарқаның ақтаңгер ақындары Қойлыбай Асан, Руслан Нұрбай, Серік Сағынтай, Қайрат Асқар және т.б. шайырлар өз өлендерің оқып, жалғастырды.

Ақындар жырдан шашу шашқанда сахна рухтанып, жұртшылық ықылас пен қошемет көрсетті.

Поэзия кешіне - Ару шаhар Алматыдан арнайы келген қадірлі қонағымыз Қазақстан жазушылар одағы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, ақын Ақберен Елгезек бір мүшелікке өткен бір топ қарағандылық ақындарға Жазушылар Одағының куәлігін тапсырды.

Арқалы ақын Ақберенде қасиетті сахнада тұрып өзіде көрерменнің сұрауы бойынша жүрегінен шыққан жырларын оқыды.

Іс-шараны әсем әнмен сүйемелдеген республикаға танымал әншілеріміз Сейіл Аяған, Сержан Мұсайын, Дәуренбек ӘркеновСаян Бөдескешті бір көтеріп тастады.

Ұлттық идеология, ұлттық болмыс, ұлт кодының негізгі күретамыры – әдебиет пен мәдениет екені анық.

Арқа өңірінде жыл басынан «Қарағанды қара өлең», «Қарағанды қоңыр күз» атты поэзия кештері кештері және үлкен сауда орталықтарында «Лирика сағаты» өтті.

Енді келер жылыда ақын-қаламгерлермен бірлесіп поэзия кештерін өткізу жоспарлауда.

Аталған іс-шаралар Қарағанды өңірін руханияттын орталығы екенінің бір дәлелі.

                                                                                                                         

Жомарт Шаймұрат
02.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 127
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 124
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 127
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 319
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 312
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 935

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9008
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8403
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11629
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9386
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10613