Қарағандылықтарға игі істері үшін алғыс айтылды

Қарағандылықтарға игі істері үшін алғыс айтылды

 

Биылғы жылы Қазақстанның барлық этностарын ынтымақтастық пен бірлікке шақыратын Алғыс айту күні жаңа мазмұнға толы болды. Қарағандыда бірінші кезекте ұлдары осы жылдың қаңтар айында әскери борышын өтеу кезінде қайтыс болған ата-аналарға ризашылық білдірді.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Мадияр Қайсаровтың, Айбат Амановтың және Әділ Нүркеновтың туыстарына өз Отанының нағыз патриоттарын тәрбиелегені үшін алғыс айтты. 

Батырларды еске алу үшін белгілі қазақстандық суретші олардың портреттерін салып, оларды ата-аналарына табыстады.

Сондай-ақ еріктілер мен донорларға, меценаттарға, полиция мен өрт сөндірушілерге, журналистерге құрмет көрсетілді.

– Полицейлер, сарбаздар, өрт сөндірушілер, дәрігерлер мен журналистер тәулік бойы жұмыс істеп, өзара көмек пен ынтымақтастықтың үлгісін көрсетті. Сынақтың қиын күндерінде өзінің азаматтық және кәсіби борышын адал атқарған әрбір адам шынайы алғыс пен жылы лебізге лайық деп санаймын, – деді Жеңіс Қасымбек.

Олардың барлығы жүрек қалауымен игі істер жасайтындарын атап өтті.

– Ауру балалардың аналары қоңырау шалып, біздің көмегіміз тигенін айтқан кезде шаттанып қаламыз. Бұл өте шабыттандырады және алға жылжуға көмектеседі. Жақсылық жасау – жанымның жай-күйі, – деп мойындады "Отзыв" қайырымдылық қорының негізін қалаушы Александр Корогодов.

Облыстық шешен-ингуш ұлттық-мәдени орталығы Алғыс айту күнінің алдында 225 көп балалы отбасы мен жалғыз басты аналарды қолдау бойынша акция ұйымдастырды. Оларға азық-түлік жиынтықтары берілді.

– Алғыс айту күнінің маңызды факторларының бірі біздің көпұлтты халқымыздың бірлігі болды. Жыл сайын бұл мереке жаңа мәнге ие болатыны қуанышты, – деп атап өтті орталық төрағасы Увайс Джанаев. – Мүмкіндігінше игі істеріміз көп болсын!

Жомарт Шаймұрат
01.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5396
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5552
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20520
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19151
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22611