Қаратөбеде белсенді жастар көбеюде

Қаратөбеде белсенді жастар көбеюде

Қаратөбе – Батыс Қазақстандағы шаруасы келіскен, тарихқа бай аудандардың бірі. Осы аптада Батыс Қазақстан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында болған аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев ауданның бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы баяндады.

Баяндамасын аудан бюджетінің көрсеткішінен бастаған әкім биылғы 1 қазандағы мәлімет бойынша, қазынаның  барлық түсімдері есепті кезеңге жоспарланған 4 млрд 500 млн теңгенің орнына 4 млрд 618 млн теңге болғанын, яғни жоспар артығымен орындалғанын жеткізді. Есептік кезеңде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1 млрд 223 млн теңге болған. Аудан әкімі бұдан әрі кәсіпкерлік саласының дамуына тоқталып: 

–  Шағын кәсіпкерлік – экономиканы дамытудың маңызды шарты. Ауданымызда экономиканың басқа салаларымен қатар шағын кәсіпкерлік те қарқынды дамуда. Жалпы тіркелген 968 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінде 1262 адам жұмыс жасайды. Ағымдағы жылы 75 адамға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант беру  жоспарланып, 91,9 млн теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күнге  60 адамға 73,5 млн теңге грант берілді. «Бастау-бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 106 адам оқытылып, оның 57-сі жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант алды. Сонымен қатар биыл екі ірі кәсіпкерлік нысаны – жанармай құю бекеті мен сауда үйі пайдалануға берілді. Оған қоса аудан орталығында толық қаржылық қызметтерді қамтитын «Халық банкі» бөлімшесі ашылды, – деді. 

Қадыржан Орынбасарұлының айтуынша, аудан экономикасының негізін мал шаруашылығы құрайды. Сондықтан бұл салаға басым көңіл бөлінетінін, жалпы ауданда 419 шаруа қожалығы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағытында қызмет атқарып жатқанын баяндады. Әсіресе, 29 шаруашылық асылтұқымды 5327 бас мүйізді ірі қара малын, екі шаруашылық 108 бас асылтұқымды жылқы, тағы екі шаруашылық 1741 бас асылтұқымды қой өсірумен айналысады. Ауданда мал шаруашылығын тұрақты дамыту, мал тұқымын асылдандыруға қолдау көрсету, жалпы тауар өндірушілерге толыққанды жағдай жасау мақсатында кәсіп иелерінің Үкіметтен субсидия алуларына жағдай жасалған. 

Аудан дихандары осы жылы барлығы 1070 гектар егіс алқабына арпа, тары дақылдары және екпе шөптер еккен. Егіс шаруашылығындағы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,25 пайызға артқаны да белгілі болды. Аудан басшысы бақша өсірумен айналысатын шаруалар өз істерін дөңгелентіп, бақша дақылдарын өсіріп, ойдағыдай өнім алғанын нақты мысалдармен келтірді. 

– Бау-бақша, көкөніс өсірумен айналысып жүрген «Жаңбағ» шаруа қожалығы 2 га жерге тамшылатып суару әдісімен бақша дақылын егіп, 48,2 тонна өнім алды. Сондай-ақ ауылдық жерде тұратын бес тұрғынға бақша отырғызуға  өзен жағасынан бес гектар жер беріліп, олар да аталмыш әдіспен бақша дақылдарын өсіріп, 120 тонна бақша өнімін алды, – дейді аудан әкімі.

Ауданда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан төрт пәтерлі бір қабатты үйдің құрылысы биыл аяқталады деп күтілуде. Ал аудан орталығындағы инженерлік-коммуникациялық желілері тартылған 144 жер телімін арнайы кезекпен тұрғындарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін беру жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімі айтып өткендей, бүгінгі күні аудан бойынша 22 елдімекеннің 13-і орталықтандырылған ауызсумен қамтылған. Бұл аудан халқының 91,3 %-ын құрайды. Оған қоса бес ауылдың тұрғындарын таза сумен қамту мақсатында  жобалық-сметалық құжаттамалар жасақталып, сараптамадан өткізілуде. Қадыржан Орынбасарұлы инфрақұрылымды дамыту мақсатында бір ауылдың кіреберіс жолына күрделі жөндеу жүргізу, көктемгі су тасқынының алдын алу бағытында бөгет құрылысын салу, көктемгі су тасқыны кезінде бұзылған өткелді қалпына келтіру секілді жұмыстарға да тоқталып өтті.

Аудан басшысы өз баяндамасында елдімекендерді ұялы байланыспен қамту, халыққа әлеуметтік қолдау жасау, мәдениет пен спорт, денсаулық салаларын дамыту, жас мамандарға мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау көрсету жұмыстарынан да хабардар етті.

 – Жыл санап ауыл-аймақтың ажары айшықтала түсуде. Мемлекеттік қолдауды сезініп, туған жерімді көркейтуге адал еңбегіммен үлес қоссам дейтін белсенді жастар қатары артуда. Өңірді абаттандырып, халыққа ыңғайлы жағдай жасап, инфрақұрылымды дамытып, халықты еңбекпен қамту бағытындағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады, – дейді Қаратөбе ауданының әкімі Қ.Сүйеуғалиев.

 

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
04.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 127
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 124
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 127
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 319
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 312
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 935

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9008
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8403
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11629
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9386
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10613