Қарқаралы ауданы Татан ауылында Алланың ақ үйі мешіттің ашылуы болды

Қарқаралы ауданы Татан ауылында Алланың ақ үйі мешіттің ашылуы болды

Қарағанды облысы тағы бір Алланың ақ үйімен толықты. Сәні мен сәулеті жарасқан жаңа  мешіт Қарқаралы ауданына қарасты Татан ауылында бой көтерді. 

Қарқаралы ауданының ең шалғай ауылдарының бірі, Татан ауылы облыстан 400 шақырымдай қашықтықта орналасқан.

Осынау айтулы мерекені елді-мекен халқы кең көлемде атап өтті. Құлшылық үйінің ашылу құрметіне  ұйымдастырылған дүбірлі тойға,  алыс-жақыннан ат арылтып келгендер ән-мен жырға қанығып, рухтанып қайтты.

Ауыл күніне орай ондаған киіз үй тігіліп, спорттық жарыстар, аламан бәйге өткізілді.

Туған жер-адам баласының кіндік қаны тамған, жанына, жүрегіне жақын, қимас сезімге бөлейтін алтын ұясы!

Мешіттің құрылысын 2019 жылы бастап, биыл қолданысқа берген осы ауылдын тумасы, бүгінде белгілі кәсіпкер, меценат Ақшонтаев Айдос Жәзитұлы. 

Айдос белгілі спорт саңылағы қазақ күресі, дзюдо, самбодан спорт шебері.

Талай айтулы бәсекелерде белдескеннің белін үзіп, тірескеннің тізесін бүккен апай төс палуан. Облыстың намысын талай жарыстарда қорғаған.

Сонымен қатар, Айдостың бастамасымен «Ауыл қоры» құрылып, ауыл азаматтары және осы ауылымызда туып, бүгінде еліміздің әр жерінде қызмет жасап жүрген азаматтар демеушілік қолдау көрсетті.

Қазіргі дамыған заманда әлеуметтік желі арқылы ауылдан осыдан 20-30 жылдай бұрын көшіп кеткен жерлестер мен хабарласқанда олар өздерінің ауылдастары іздегенін естіп қуанып, ауылға қолдау көрсетеміз деп және алдағы үлкен тойға барамыз деп қуаныштарын жеткізген. 

Қорға түскен қаражатқа ауылдың орталық көшелерінің шарбақтары ауыстырылды, барлық үйлердің әрлеу, әктеу, сырлау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ауыл кіре берісіне арка, спорт, балалар алаңдары жаңартылды және ағаш көшеттері отырғызылды. 

Мектепке алғаш барған оқушыларға сыйлыққа оқу құрал жабдықтары берілді.

Ауыл тойына Алматы, Тараз, Семей облыстарынан және облысымыздың қалалар мен аудандарынан қонақтар келіп қатысты. 

Татан ауылынан елімізге танымал белгілі тұлғалар шыққан. Олар: Кикбокс және тайбокстан әлем чемпионы Ардақ Сембаев, белгілі дәстүрлі әнші Құрмаш Ыбышев, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктін дирижері Әбуғалисін Шоқанбаев, Сәкен театрының актері, мәдениет қайраткері Сүлейменов Бауыржан және т.б.

– Ауыл күнін мерекелеуге еңбектеген баладан, еңкейген қарияларға дейін барлық тұрғындар қатысты. Олар ұйымшыл екендерін көрсетті, барлығын өздері ұйымдастырып өткізді. 

Ауыл күні гала-концертпен аяқталды. Тұрғындар алдында "Абадан", "Қарқаралы" ұжымдары, әртістер Лаура Айтбаева, Балауса Абдуалиева, Фархат Мейраш және Гүлнұр Оразымбетова өнер көрсетті. 

           Арнайы   той қонақтарына  таратылған той  малын, ауылымыздың батыр анасы  Абжанова  Рымкеш, «Азамат» шаруа қожалығының басшысы Комаров Серікхан , ауылымыздың белді азаматы  Аманбаев Арынғазы тарту етсе.

        Спорт саңлағы қазақ күресі , самбодан спорт шебері Айдос  бауырымыздың астына тұлпар, үстіне шапан  жанына еріп келген жолдас жораларымен әкесіЖазит Хамитұлына жабылған  шапандарды ауылымыздағы шаруа қожалық басшылары ұйымдастырып өз аттарынан жасалған сый-сиапаты деп берілді. 

        Той күні ұйымдастырылған  барлық шаралар, киіз үйлер қонақтарды күтіп, тамақтандыру барлығы ауыл жастары, келіндеріміздің арқасында іске асырылды. Екі күн келіп кеткен қонақтар үшін тойхананы тегін беріп, қызмет жасаған Ыбырайханов Тәуіржанға алғысым шексіз. 

          Аламан бәйгеге тігілген барлық жүлделі авто көлікті Айдос және ауыл жастары көтерді. 60кг салмақ дәрежесінде өткен күрестің жүлдесін толығымен  Сембаевтар әулеті, 74 кг салмақты Сарыобалы тумасы Әскер Афтондил өз қаржысынан 1 млн 400 теңгемен марапаттаса, 

         Түйе полуан жүлдесіне- 3 жасар бұқаны  Өкімбаев Мейрам  әулеті тікті. Ақшонтаев Жеңіс –тай, Мұхтар Ербол – құнажын, Хасенов Серік -құнажын берді

        Тай құнан жарысына берілген жүлделерді Жуманбаев А, Биғазиев Н, Ербол Ж, Ақшонтаев Руслан тікті.

         Аламан бәйгеде жаяу жүген ұстап жүгіріп өткен шабандозға ауыл азаматы Ильяшев Сайран Серікұлы 2 адамға арналған құны 1 млн теңге тұратын Дубайға жолдаманы сыйға тарту етті. 

        Жаяу жарыс жүлдесін Сембаев Н, Сарсенұлы М,  Жетібаев А демеушілік жасады. 

        Осы тойда пайдаланылған банер, шақырту, сертификат т.б хабарламалар  Қатшыбеков  Жөз қаржысына жасап шығарды.

         Аламан бәйгенің жүгіру алаңын , оның өз мәнінде өтуіне ат салысқан Ибраев КаниятАбланханов Бауыржан және т.б ауыл азаматтарының еңбегі ерекше

Алдағы уақытта Татан ауылында заманауи ойын алаңы және воркаут аймағы бар көпфункционалды спорт алаңы пайда болды. Бұл нысандар бюджеттікқаржыландыру есебінен орнату жоспарлануда.

Жалпы, барлық атқарылған іс-шаралар ауыл азаматтарының бірлесіп, ұйымшылдықпен өте жоғары деңгейде атап өтті.

Мұндай береке, бірлігі бар ауылдың қашанда болашағы зор екеніне сенеміз.

Темірші ауылдық округ әкімі Жасұлан Жақыбайұлы
29.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 353
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6458
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8167
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6538
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6674