Қасым-Жомарт Тоқаев: «QazVac» вакцинамыз сын тезінен лайықты өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев: «QazVac» вакцинамыз сын тезінен лайықты өтті

Душанбеде өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық «QazVac» вакцинасының сын тезінен лайықты өткенін хабарлады. 

– «Халықтың жаппай иммунитетін арттыру арқылы ғана пандемияны еңсеру мүмкін болады. Сондықтан БҰҰ терминологиясын қолдана отырып, біз «кейбіреулерді артта қалдыруға» жол бере алмаймыз. Бұл ретте Қазақстан алғашқы сынақтан өткен өзінің «QazVac» вакцинасын ұсынады. Клиникалық сынақтар оның тиімділігін дәлелдеді. Біз аталған препаратты көрші елдерге гуманитарлық көмек ретінде тасымалдай бастадық. Сонымен қатар Қазақстанның «Naruvax-C19» және «Naruvax-C19/Nano» әзірлемелері COVID-19 індетіне қарсы үміткер вакцина ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының реестріне енгізілді. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерде вакцинация төлқұжаттарын өзара тану рәсімінің жеделдетілуі және олардың көпжақты жүйеге біріктірілуі елдеріміз бастан өткеріп отырған қиындықтарды еңсеруге септігін тигізетініне сенімдімін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, коронавирус кезеңінен кейінгі қалпына келтіру үдерісі ШЫҰ кеңістігінде сауда-экономикалық ықпалдастық саласындағы ахуалды қайта електен өткізуге мүмкіндік береді.

– «Коронавируспен күрес біздің күн тәртібіміздегі өзекті тақырыптардың бірі болып қалып отыр. Пандемияның ең қиын кезеңінде ШЫҰ бойынша әріптестер шындығында ынтымақтастықтың «Шанхай рухын» танытқанын зор қуанышпен атап өтемін. Осы ретте өзара гуманитарлық көмек көрсетілді. Пандемияға қарсы іс-қимылда батыл бетбұрыс халықты жаппай иммундауға үйлестірілген қадам жағдайында ғана мүмкін болады»,– деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы көмекке мұқтаж тараптарды елеусіз қалдыруға болмайтынын, препарат гуманитарлық көмек ретінде көршілес елдерге жеткізіліп жатқанын айтты.

Естеріңізде болса, Мемлекет басшысының тапсырмасымен отандық ғалымдар КВИ-мен күресте жоғары нәтижелер мен тиімділік көрсеткен «QazVac» брендімен шығарылатын «QazCovid-In»  коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны әзірлеуге кірісті. Олар 2020 жылғы наурыз айында елімізде коронавируспен ауырған алғашқы адам анықталғаннан кейін 23 наурызда науқастардан алғашқы патологиялық материалдар алды. Материалдан COVID-19 вирусын бөліп, оның биологиялық қасиеттерін зерттеп, бірден вакцина әзірлеуді бастады. Ресми ақпаратқа сәйкес 9 мамырда отандық ғалымдар «QazVac» (QazCovid-in) вакцинасын әзірлеп шығарды. 15 мамырда Денсаулық сақтау ұйымы оны кандидаттық вакцина ретінде тіркеді және ғалымдар зертханалық жануарларға егу арқылы клиникаға дейінгі зерттеуді бастады.

Маусым айында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы зерттеудің оң нәтижелерін мойындады. Шілдеде ғалымдар өздері жасап шығарған «QazVac» вакцинасын алғашқы болып өздеріне салғызды. 17 қыркүйекте 44 еріктінің қатысуымен I кезеңнің клиникалық зерттеулері басталды. Нәтижесінде вакцина жоғары қауіпсіздігін көрсетті, еріктілердің жағдайы қалыпты екені белгілі болды. 17 қазанда клиникалық зерттеулердің II кезеңі басталып, оған 200 ерікті қатысты. Нәтижесінде вакцина жоғары иммуногенділік пен тиімділігін көрсетті. 19 желтоқсанда Денсаулық сақтау министрлігі клиникалық зерттеулердің соңғы III кезеңін жүргізуге рұқсат берді, оның аясында 3 мың еріктіге «QazVac» вакцинасы салынды.

Алғашқылар болып отандық вакцинаны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев клиникалық сынақтардан тыс өздеріне салғызды.

 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
23.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 66
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 67
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 176
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 180
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 397
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 360
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 977

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9055
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8451
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11679
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9442
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10659