Қазағым, қайда барасың?

Қазағым, қайда барасың?

Өмірінен айфон қымбат

Жуырда Мәскеуде Сергей Колесников деген профессор 15 жастағы ұлының телефонын алып, қабырғаға бір ұрып сындырғанын, сол үшін әлгі бозбала әкесінің жүрегіне пышақ тығып өлтіргенін ресейлік газет-журналдар жарыса жазды. Ұялы телефонның кесірінен қаншама көлік апаттары мен келеңсіздіктер болып жатқанын білмейді дейсің бе? Қаншама ауру тудырып жатқанын әлем ғалымдары дабыл қағуда. Бірақ оған құлақ асып жатқан ешкімді әзірге байқамадым. Таяуда Астанада елімізге беделді Жоғары оқу орнына бардым, баспалдақпен екінші қабатқа бет алғаным сол-ақ еді, екінші қабаттан төмен қарай түсіп келе жатқан бір ағамыз шалынып кетіп, құлап қалды. Мен жалма-жан ағамыздың қолтығынан демеп, «еш жеріңіз ауырмай ма?» деп көтеріп жатсам, әлгі ағамыз қолын қалтасына салып «айфон сынбады ма?» дегені. Өз өмірінен айфонның құны жоғары болып тұр-ау, сонда. Мәссаған!

 «Колбаса халал ма?»

«Естімеген елде көп» демекші, бүгінде сауатсыздық жайлаған елімізде осы арапша «Халал» қазақшасы «Адал» деген сөзді қисыны келсін, келмесін тықпалай беретін болды. Тіпті, шаштараз халал, шинамонтаж халал, көлік жуу халал, сорақысы сол халал әжетхана да бар екен. Таяуда бір құдалықта бас құда мас, аяғына әзер тұрып, «закуска» деп айқайлайды, содан біреу колбаса бергенде, бас құда колбасаға қарап тұрып «Халал ма?» демесі бар ма?

Әліппе үйретпей жатып, бақылау жазбақшы

Биыл Астана қаласындағы мектепке кішкентай қызым Жансая 1 «ә» сыныпқа барды. Арадан бір ай өтті, әлі бір әріп өткен жоқ. Уатсап әлеуметтік желісінде Жансаяның апайы «Құрметті ата-аналар ертең қазақ тілінен бақылау эссе жазамыз дайындалып келсін» деп жазып жіберіпті. Оны оқып не жыларымды, не күлерімді білмей дал болдым. Көкем-ау, бір әріп білмейтін бала қалайша эссе бақылау жазады.

Аузы бардың бәрі әнші

«Қазақстанда не көп әнші көп, бірақ Шәмші жоқ» дейтін тәмсіл бар. Таңертеңнен қара кешке дейін концерттен басқа ештеңе жоқ телеарналарда. Әлеуметтік желі толған әншілер, басқа мамандық жоқ секілді. «Әу» демейтін қазақ жоқ. Бірақ шамадан тыс мұншама әншілерді насихаттау кімге керек болды? Сол әншілерді жамандаудан аулақпын, бірақ «айтпаса сөздің атасы өледі» демекші, олардың басым көпшілігінің сөз саптауынан бастап, жүріс-тұрысына қарап отырып, қарным ашады. Өйткені, олардың қызықтарына қарап, тура бір ата-ананың немесе ұстаздың алдын көрмегендей әсерде қаласың.

Жуырда әлеуметтік желіде тарап кеткен әнші М. Садуақасова қарындас «Криуз» деп аталатын кемеде отырып, өз тыңдармандарына «осыншама ақша салып, бизнеспен айналыссаңдар мен секілді 5000 елді аралайсыңдар » деп қалды. Айналайын Мәдина қарындасым, әлемде бар-жоғы 190 ел ғана бар екенін қайдан білсін.

Екі езуі құлағында, ыржаңдағаннан басқа айтары жоқтар қаншама?! Экран алдында миллиондаған жастар соларға еліктеп өседі емес пе? Соларды телеарналардан көрсеткенде неге оларға ескерту жасалмайды? Өзінде тышқақ лағы жоқ болса да, жұртты жинап, бизнес бастап, қалай баюды үйрететіндерді көргенде не деріңді білмейсің. Домбыра тарта алмайтын адам домбыра туралы, күйеуге шықпаған қыз бала немесе үйленбеген бойдақ «бақытты отбасы» туралы жаттығу-тренинг өткізе беретін ұятсыз заманда өмір сүріп жатырмыз.

Осы біз қашанғы орыстың көшірмесі бола береміз?

Осының бәрі Патшалық Ресейге одан кейін КСРО-ға көп жыл бодан болғандығымыздың айғағы. Құлдық сананың шырмауынан шыға алмай жатқандығымыздың көрінісі. Ресей не істесе, соны айнытпай қайталаумен келеміз. Біздің саясатымыздан бастап, әдебиет пен мәдениетіміз барлық саламыз Ресейдің өкшесін басқан бірдеңе. АҚШ тарапынан жарияланған санкцияның кесірінен теңгеміз күн санап құнсызданып жатқаны ешкімге жасырын емес. Ресейде «Маска» деген бағдарлама шығып еді, біздікі айна-қатесіз көшірді де қойды. «Өздерінде ойланатын ми жоқ па?» деген заңды сұрақ туындайды. Көшірме елге айналғанымыз қай заман. Жақында Қазақстанға Ресейден келген жекеменшік компанияға 1 700 000 теңгеге «Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер» деген атақ беріпті. Ешқандай еңбек сіңірмесе де, тек қалтасында ақшасы барлар сатып алып жатыр. «Естімеген елде көп» демекші, соларға біздің елде «Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ». Егер бір қазақ солай істер болса, соттап жіберер еді.

ЖҰМАМҰРАТ ШӘМШІ
02.07.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 16
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 22
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 4
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 10
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 14
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 11
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 19
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 22
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 249
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 244
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 869

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8941
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8333
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11561
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9319
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10545